Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты

Жаңалықтар

Астана базарында өрт қауіпсіздігі бойынша жиналыс өтті

PDF Баспаға жіберу
10.06.2014 00:00

Маусымның 9-ы күні Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп, «Эталон» құрылыс базарына бас сұқты. Адам қазасы мен  өрттердің алдын алу мақсатында «Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өтті. Халықты осы тақырып аясында кеңінен ақпараттандыру мақсатында, жиналысқа республикалық БАҚ өкілдері де шақырылды.

Басқарма қызметкерлері әр түрлі нысандарда, сорнымен қатар сауда орындарында да өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды әрдайым жүргізеді. Осы сынды іс-шаралар базар аумағында сауда жасайтын кәсіпкерлердің   жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді. Пайданы көздеген саудагерлер, қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарайтын жағдайлар да кездеседі.

Толығырақ...

 

Астаналық оқушылар «Қауіпсіз демалыс» акциясының аясында құтқарушылардың жұмысымен танысты

PDF Баспаға жіберу
05.06.2014 00:00

Жазғы демалыс басталғалы, мектеп жанындағы лагерлер  жұмыс істей бастады. Осыған байланысты, «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы  «Қауіпсіз демалыс» атты акциясы аясында мүмкін болатын төтенше жағдайлар кезінде балалардың жарақат алуын алдын-алу және әрекет ету тәртібін насихаттауды меңзейтін іс-шаралар кешенін атқару үстінде.

Атқарылып жатқан жұмыстың бір кезеңі болып, қалалық № 4 мектеп оқушыларына Астана қ. ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ №2 МӨСБ өткізілген экскурсияны атап өтуге болады.

Оның аясында оқушылар Астана қаласы ТЖД  өртке қарсы қызмет органдарының және суда құтқару қызметінің жұмысымен танысып, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік туралы сұрақтар пысықталды. Өз шеберліктерін өрт сөндірушілер оқу-жаттығу мұнарасының терезесіне шығып көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар Департаменттің мұражайын да аралады.

Толығырақ...

 

Астананың «Жасыл аймағындағы» шартты өрт жойылды

PDF Баспаға жіберу
05.06.2014 00:00

Маусымның 5-і Астана қаласының «Жасыл аймағында» ТЖ департаментінің қызметкерлері өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырды. Жаттығу барысында «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің күшімен жүздеген гектарды шарпуға қауіп төндірген шартты өрт ауыздықталды. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша, сөндірілмеген сіріңке салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алған, өрт өршіп, орман жаққа қарай бет ала бастайды. Шақырту орнына Өрт сөндірудің кезекші бөлімі жеткізіледі.

Өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның К-32 А1 тікұшағы қатысты. Тікұшақтың мақсатына шартты өртті сөндіру үшін өрт сөндірудің тік жүйесі арқылы 2 рет су құйуды іске асыру (дала және орман өртінің аумағы) жатты. Шартты өрт жарты сағаттық жедел жұмыстың арқасында жойылды. Оқу-жаттығу орнында сонымен қатар, «Жасыл Аймақ» РММ, «Зеленстрой» АҚ, «Астана Су Арнасы» МҚМ өзара әрекеттесу қызметтері жұмыс істеді.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар маңызды мәселелермен республикалық БАҚ бағдарламаларына қатысуда

PDF Баспаға жіберу
04.06.2014 00:00

Маусымның 4-і күні Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Мұрат Мадыбеков «Астана» радиосының «Арнайы қонақ» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарлама тақырыбы өрт қауіпті кезеңге арналған болатын. Сұхбат барысында маман, Департаменттің инспекторлық құрамы қолға алған өрттердің алдын-алу бойынша іс-шаралар жайында айтты. М.Мадыбеков, өрт қауіпті кезеңнің басталғанына байланысты, бұл өрттердің орын алуларының негізгі себептері мен олардың салдарына тоқталды. Сонымен қатар, Астана қаласының тұрғындарына, табиғат аясына шыққан кезде сақтау қажетті әрекеттер жайында баян етті.

Толығырақ...

 

Астанада теміржол көліктеріндегі өрттерді сөндіру бойынша жаттығулар өтті

PDF Баспаға жіберу
04.06.2014 00:00

Маусымның 4-і күні астаналық құтқарушылар теміржол көліктерінде қауіпті жүкті тасымалдаған кезде орын алған төтенше жағдайды жоюға байланысты ұйымдастырылған арнайы тактикалық жаттығуға қатысты. Жаттығу барысында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлерінің «Қазакстан темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу бойынша жаттығулар нақышталды.

Жоспар бойынша, маневрлік жұмыстардың барысында цистерна мен қауіпті жүктің (аммиак) соқтығысуы орын алып, жаңар жағармайдың ағуы орын алған. Тез тоқтаудың салдарынан ұшқын шығып, жаңар жағар майы бар цистернадан өрт шыққан. Өрттің басқа вагондарға ауысу және аммиактың ағу қауіпі туындайды. 40 минуттан кейін шартты өрт жойылып, ауыздықталады.

Толығырақ...

 

Жемқорлықтың алдын-алу шаралары

PDF Баспаға жіберу
03.06.2014 00:00

2014 жылдың 30 мамырында Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінің «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасында Астана қ. ТЖД бастығының орынбасары Күлшінбаев И.Д. төрағалығымен «Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстық күрес бұзушылығын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыс» атты тақырыбына кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Департамент басшыларымен ҚР ТЖМ саласындағы 2013 жылда және 2014 жылдың І тоқсанындағы атқарылған жұмыс жайлы мәліметтер Басқарманың жеке құрамына жеткізілді.

Толығырақ...

 

Астаналық Департамент қызметкерлерінің балалары суреттер байқауына қатысты

PDF Баспаға жіберу
03.06.2014 00:00

Балаларды қорғаудың Халықаралық күні қарсаңында, Астана қаласының №16 МӨСБ-нің негізінде «Менің Отаным-Қазақстан» атты асфальттағы суреттер байқауы өтті. Іс-шара балалардың бойында патриоттық рухты көтеру, елін мақтан тұту мақсатында ұйымдастырылды. Конкурсқа қызметкерлердің 68 баласы қатысты. Негізгі іс-шаралар басталмас бұрын, №16 МӨСБ-нің бастығы А.Бескровный өрт сөндіру бөлімінің аумағында кішігірім экскурсия жасап, балғындарға астаналық гарнизонның тынысы-тіршілігі жайында баяндады.

Құттықтау сөздерін Департамент бастығының орынбасары Б.О.Дұзақбаев пен Әйелдер кеңесінің төрағасы Г.О.Төлеубаева жолдады.

Толығырақ...

 

Астананың жас құтқарушылары «Қазқұтқару-2014» халықаралық жиын-семинарынан келді

PDF Баспаға жіберу
03.06.2014 00:00

«Қазқұтқару-2014» 19-шы халықаралық жиын-семинарынан астаналық жас құтқарушылар келді. Айта кетейік, қалалық «Жас құтқарушы» сайыстарының қорытындысы бойынша, бірінші орынды Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ҚММ-нің тәрбиеленушілері иеленіп, аталмыш ірі халықаралық іс-шараға Елорда атынан қатысқан болатын.

Өз кезегінде, астаналық қонақтарға Алматы қаласы ТЖД-нің қызметкерлері  бірнеше мәдени іс-шара ұйымдастырған болатын. Балаларды қорғаудың халықаралық күні олар Алматы қаласы бойынша қызықты саяхат жасап, қаланың керемет жайларымен танысты. Балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағында, Халқаралық жиынтық шаңғы трамплиніне, республикадағы өзгеше бірегей хайуанаттар бағына, «Теңіз аквариум» павильонында болды.

Толығырақ...

 

Астанада өрт-құтқару спорты бойынша жарыстар өтті

PDF Баспаға жіберу
03.06.2014 00:00

Маусымның 2-3 аралығында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің «Құлагер» спорт кешенінде өрт-құтқару спорты бойынша гарнизондық Чемпионат өтті. 4 спорт түрі боынша өткен іс-шараға 11 қалалық бөлімше қатысқан болатын. Негізгі жарыстар: оқу мұнарасының 4 қабатына баспалдақпен міну, 4х100 өрт эстафетасына міну, жүз метрлік кедергілері бар жол мен қанат жаю. Жарыстар 1-13 тамыз аралығында Талтықоран қаласында өтетін Республикалық сайыстарға іріктеу жасау мақсатында өткізілген еді. Олардың қорытындысы бойынша, бірінші орынды №9 ӨСБ құрамасы, екінші орынды №8 ӨСБ, үшінші орынды №6 ӨСБ-нің құрамасы еншіледі.

Толығырақ...

 

Балалар мерекесіне орай Департамент қызметкерлерінің мүгедек балаларына сыйлықтар табыс етілді

PDF Баспаға жіберу
02.06.2014 00:00

Балалардың халықаралық күнін мерекелеуге орай, астаналық Департаменттің Әйел кеңесінің мүшелері әріптестерінің мүгедек балаларын құттықтады. Іс-шараны өткізуге Әйелдер кеңесі демеушілік көрсетті. Осылайша, он баланың әрқайсысына сыйлық табыс етілді. Сонымен, қатар балалар «Менің елім-Қазақстан» атты суреттер байқауынада бақ сынауға шақырылды.

Осы сынды іс-шаралар Департаментте дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Олардың көздеген басты мақсаты –денсаулық, жақсылық, түсініспеншілік, бірлік сынды отбасылық құндылықтарды сақтау. Оның негізінде, балалар арасында суреттер байқауы, отбасылық конкурстар, салатанатты іс-шарала өтеді. Қолға алынған жұмыстар – кішкентай балаларды құттықтап, олардың көздерінен қуаныш пен шаттықты көру үшін жүзеге асырылуда. Тамыз айында, балалармен Есіл өзенінің бойымен серуіндеу жоспарлануда.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus