Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына бару

Баспаға жіберу
16.05.2019 15:14

IMG-20190515-WA0017

Ағымдағы жылғы 15 мамырда «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 гимназия» КММ оқушыларының елордалық Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына баруын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушыларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар туралы баяндалды, өрт сөндірушілердің түрлі киім-кешектері мен бейнеролик көрсетілді, оқушылар №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі барып, өрт сөндіру техникаларын көруге мүмкіндік алды.

Жастар мен өскелең ұрпақ бойына патриоттық рухты сіңіру, құтқарушылардың имиджін арттыру мақсатында әртүрлі білім беру мекемелерінің оқушыларымен осы іс-шара тұрақты түрде өткізіледі.



 IMG-20190515-WA0016 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының ТЖБ