Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Баспаға жіберу
06.09.2019 02:55

IMG_8154

Елбасы Н.Назарбаев «Біздің мақсатымыз - мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық азаматтарының меңгеруіне қол жеткізу»,- деген еді. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту кадрлардың тиісті тіл даярлығын талап етеді. Осы мақсатта
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қызметкерлердің мемлекеттік тілді еш кедергісіз оқып, еркін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдай жасайды. Ағымдағы жылы Департаменттің 30 қызметкері  мемлекеттік тілді оқыту курсынан өтті. Оқыту курсын «Ресмихат-К» ЖШС оқытушысы Қ.Мұқанов жүргізді.

Қазақстанда екінші жыл 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып тойлануда. Тіл мерекесінің осы күнге белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Қазақстан халқы тілдері күніне орай мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен елордалық ТЖД қызметкерлеріне куәліктер табысталды, сонымен қатар курста тілдің дамуына өз үлесін қосқан қызметкерлер «Ресмихат-К» ЖШС алғысхатымен марапатталды.

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі құтты болсын! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін!

IMG_8141 IMG_8142

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы