ҚР Президенті жолдауының негізгі ережелеріне түсіндіру

Баспаға жіберу
06.09.2019 17:00

IMG_8158

6 қыркүйекте  Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің акт залында Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Т.Аманбаев жеке құрамға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте Парламенттің кеңейтілген отырысында айтқан «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.

М.Т.Аманбаев өз сөзінде азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, мемлекеттік жүйені дамытуға бағытталған  еліміздің жоғары басшылығы қабылдаған шешімдердің маңыздылығын атап өтті.

Президент Жолдауында атап өткендей, азаматтарды табиғи құбылыстардан және технологиялық авариялардан қорғауға ерекше назар аударылатын болады. Азаматтық қорғау органдарының жоғары сапалы кәсіби кадрларын даярлау және іріктеу мақсатында ІІМ реформалауға бөлінген қаражат аясында азаматтық қорғау қызметкерлерінің жалақысы көбейтілетін болады.

М.Т.Аманбаев сонымен қатар Жолдауда айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті сақтауға бағытталған іс-шараларды атап өтті.

Департамент қызметінде тұрғындардың кері байланысы да назардан тыс қалмайды, азаматтармен ашық диалог, тұрғындардың қажеттіліктеріне жедел ден қою қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты басымдық болып табылады.

Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелер мен елді одан әрі дамыту бағыттарын шешуге кешенді көзқарас қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды кезең және әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына кіру жолдары болып табылады.

IMG_8156  IMG_8160

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД