ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ

Баспаға жіберу
10.09.2019 17:13

kartinka-giperssylka

Өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет, атап айтқанда:

Ғимараттың жанғыш бөліктері (аражабындар, қалқалар және т.б.) пештер мен түтін өткізгіштерге жанасқан жерлерде пештің ішкі бетінен және түтін шығатын жерден жанбайтын конструкцияларға дейін қалыңдығы 38 см жанбайтын бөліктер орнатылуы тиіс. Пешті қалау және жөндеу үшін өрт-техникалық минимум куәлігі бар білікті шеберлерді шақырыңыз.

Пештер мен түтін жолдарының жағдайын үнемі бақылап, ақаулықты дер кезінде жойыңыз. Жылыту маусымында 2 айда кемінде бір рет түтіндіктерді күйеден тазартыңыз.

Пешті қатты қыздырмаңыз және оларға жиһаз, басқа да жанғыш заттарды жақын ұстамаңыз.

Газдалған пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтаңыз.

Жанып жатқан пештерді, тұтанған газ колонкаларын және ас үй плиталарын, примустар мен керогаздарды қараусыз қалдырмаңыз және оларды балаларға қарауға тапсырмаңыз.

Жанған примустар мен керогаздарды ағаш тамбурлар мен үй қоймаларына, сондай-ақ сарайларға орнатпаңыз.

Электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз және жарамсыз болған сымдарды уақтылы ауыстырыңыз. Қолдан жасалған сақтандырғыштарды (жучки) қолданбаңыз, тек фабрикада жасалған сақтандырғыштарды пайдаланыңыз.

Электр жылыту құралдарын (плиткалар, үтіктер және шәйнектер) жанбайтын тіреулерге орнатыңыз.

Шатырлы және жертөле үй-жайларында, қоймалар мен сарайларда темекі шегуге, шамдарды және басқа да ашық от түрлерін қолдануға жол бермеңіз, жарықтандыру үшін тек электр шамдарын пайдаланыңыз.

 

«Алматы» ауданы ТЖБ
О.Ж. Асқаров