Жеке құрам арасында суицидтің алдын алу

Баспаға жіберу
12.09.2019 11:25

IMG_8203

Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің кіші залында суицидолог дәрігері-Е.К.Миронованың қатысуымен суицидтің алдын алу бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы «Жеке құрам арасында суицидтің алдын алу».

Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Т.Аманбаев төрағалық етіп, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Е.Р.Әбікеев, кадр бөлімі саясатының бастықтары, МӨСБ дәрігерлері, кадр бөлімі саясатының бас маман- психологтары және бөлімше бастықтары қатысты.

Суицидтік мінез-құлықты анықтау және алдын алу мақсатында офицерлерге тиісти психологиялық-педагогикалық дайындық, бағыныштылардың жеке қасиеттерін зерделеуге назар аударуды күшейту және олармен пәрменді жеке тәрбие және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыра білу қажет.

 IMG_8206 IMG_8209 IMG_8210

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД КСБ