Елордада өрт қауіпсіздігі айлығы аясында "Қоғамдық қабылдау"акциясы өткізілді.

Баспаға жіберу
16.09.2019 10:57

IMG-20190916-WA0013

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері "Қоғамдық қабылдау"акциясын өткізуде. Акция барысында халыққа өрт қауіпсіздігі және 2019-2020 жж. жылыту кезеңіне дайындық мәселелері бойынша түсіндіру жүргізілді. "Акция мақсаты-өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және тұрғындарды жылыту кезеңіне дайындау мәселелерінде мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қолжетімділігі".

Сауда үйлерінің жанында базарларда жұмыс орны ұйымдастырылды, онда барлық тілек білдірушілер өрт қауіпсіздігіне қатысты қызықтырған сұрақтармен жүгіне алды. Қоғамдық қабылдау өткізу барысында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша 400-ден астам адамға кеңес берілді". Негізінен адамдар үйде электр жарығынан өрттің алдын алу және өрт болған жағдайда не істеу керектігі туралы сұрады. Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді. "Өртке қарсы тақырыпта 600-ден астам үгіт материалдары таратылды. Сонымен қатар, жылыту маусымы басталар алдында жылыту пештерін қысқа дайындау және құбырларды тазарту қажеттілігі түсіндіріліп, жеке тұрғын үйлерді аралау жүргізілді".

Жылыту маусымы басталысымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттердің саны өсуде, олардың себептері электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, пешпен жылыту, электр желісін шамадан тыс жүктеу, сондай-ақ азаматтардың қарапайым немқұрайлылығы болып табылады.

Әдетте, пешті жөндемейтін ескі үйлер жиі жанып тұрады, тозған электр сымдары ауыстырылмайды. Сондықтан да қарапайым талаптарды орындау туралы алдын ала ойлай отырып, өрттің алдын алу оңай екенін тағы да еске салу маңызды.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Төмендегі негізгі тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:

- Пештер мен түтін мұржаларының жағдайын үнемі бақылап, ақауларын дер кезінде жойыңыз. Жылыту маусымында 2 айда кемінде бір рет түтіндіктерді күйеден тазартыңыз.

Пешті қыздырмаңыз және оларға жиһаз және басқа да жанғыш заттарды жақын ұстамаңыз.

- Газдалған пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтаңыз.

-Жанып жатқан пештерді, тұтанған газ колонкаларын және ас үй плиталарын, примустарды және керогаздарды қараусыз қалдырмаңыз және оларды балаларға қарауға тапсырмаңыз.

- Электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз және уақытында жарамсыз болған сымдарды ауыстырыңыз.

- Қолдан жасалған сақтандырғыштарды ("қоңыздарды") қолданбаңыз, тек фабрикада жасалған сақтандырғыштарды қолданыңыз.

- Электр жылыту құралдарын (плиткалар, үтіктер мен шәйнектер) жанбайтын тіреулерге орнатыңыз.

- Шатырлы және жертөле үй-жайларында, қоймалар мен сарайларда темекі шегуге, шамдарды және басқа да ашық от түрлерін қолдануға жол бермеңіз, осы үй-жайларды жарықтандыру үшін электр шамдарын пайдаланыңыз.

- Шатырлы және жертөле үй-жайларын жанғыш материалдармен және қоқыспен жаппаңыз.

- Ауланың аумағын үнемі тазалықта ұстаңыз.

Сақ болыңыз, өзіңізді және қоршаған ортаны қорғаңыз!

Пешпен жылыту кезінде төмендегілерге жол берілмейді:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;

-  жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы жерге  пештің алдына орналастыруға;

- қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;

- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;;

— адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пешті жағу;

- пешті пайдалану нұсқаулығымен белгіленген уақыттан тыс жағу;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге.

Пештерді қыздыру ұсынылмайды.

Пештерді от жағуды ұйқыға кеткенге дейін екі сағат бұрын тоқтату ұсынылады.



 IMG-20190916-WA0009 IMG-20190916-WA0010 IMG-20190916-WA0014 IMG-20190916-WA0015 IMG-20190916-WA0017 IMG-20190916-WA0018 IMG-20190916-WA0019 IMG-20190916-WA0020 IMG-20190916-WA0022 IMG-20190916-WA0023 IMG-20190916-WA0025 IMG-20190916-WA0026

IMG-20190916-WA0011

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД