Сауда обьектілерінің өрт қауіпсіздік жағдайы

Баспаға жіберу
17.09.2019 12:05

IMG-20190917-WA0004

Адамдар көп жиналатын объектілер басшылар тарапынан да, бақылаушы органдар тарапынан да аса көңіл бөлуді талап етеді. «Алматы» ауданы сауда объектілерінің басшылары мен әкімшілігі өрттен қорғау әрбір азаматтың маңызды міндеті болып табылады және ол ескертуден басталады деп санайды!

Өрт қауіпсіздік айлығы аясында ''Алматы'' ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы сауда үйлерінде үгіт-насихаттау науқанының  бірінші кезеңі басталды, ол өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша сабақтар, нұсқаулықтар мен консультациялар өткізу аркылы басталды. Сабақтың барысында сауда объектілерінде болған ең ірі өрттердің тарихына көз жүгіртіп, олардың пайда болу себептері зерделенеді, өрттің алдын алу және сөндіру, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау бойынша іс-әрекеттер талданды. Мұндай сабақтар әрбір тыңдаушының назарын өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екеніне аударуға және адамның өмірінен артық ештеңе жоқ екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді!

Жұмысшылардың, жалға алушылар мен сауда үйлер иелерінің жұмыс орнында ғана емес, сонымен бірге жалпы өмірде де өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне көңіл бөлгеніне өте қуаныштымыз!

Әкімшілік тарапынан уақытылы бақылау және сауда объектілері ұжымының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы - бұл сауда үйлерінің сақталуы, өркендеуі және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі!

IMG-20190917-WA0000 IMG-20190917-WA0002 IMG-20190917-WA0003  

"Алматы" ауданы ТЖБ бас маманы

Ажар Рүстемова