Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV Кеңесін өткізу кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық мәселелері бойынша кеңес

Баспаға жіберу
17.09.2019 14:27

IMG_8282

Ағымдағы жылғы 17 қыркүйекте ҚР ІІМ ТЖК ДЖБО-ның дағдарыс залында ТЖК төрағасы генерал-майор В.Р.Беккердің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшы және жеке құрамымен Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV Кеңесін өткізу кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. Аталған іс-шара қыркүйектің 23-24 күндері өтеді.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко қатысты.

В.К.Божко өз сөзінде астанада Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің өтетін Кеңесін өткізудің ерекше маңыздылығын, сондай-ақ Кеңес  іс-шараларын өткізу және олардың тұруы кезеңінде делегация мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттерді атап өтті.

Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық бөлімшелері жауапты басшыларының есептері тыңдалды.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде Департамент жұмылдырылған объектілердің әкімшілігімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды бере отырып, іс-шараларды тікелей өткізу орындарына комиссиялық тексерулер жүргізді, ақпараттық хаттар таратылды. Объектілердің басшылары мен техникалық персоналымен өрт қауіпсіздігі шаралары, төтенше жағдай туындаған жағдайдағы іс-әрекеттерді пысықтау бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Жұмылдырылған объектілерде инженерлік-инспекторлық құрамнан жауапты тұлғалар бекітіліп, тұрақты бақылау жүргізу үшін жұмылдырылған объектілердің жедел өрт сөндіру жоспарлары пысықталды. Объектілерге баратын және тұратын орындарда астана аумағында орналасқан инженерлік-инспекторлық құрам, өрт сөндіру бөлімдері мен медициналық бригадалардың, авариялық-құтқару қызметтерінің кезекшілігі қамтамасыз етіледі.

 IMG_8285

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД