Елордада ГТҚҚ үздік буыны сайысы өтті

Баспаға жіберу
20.09.2019 10:12

IMG_8338

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Өрт сөндіру қызметінде газ- түтіннен қорғау қызметі бойынша елордалық гарнизон бөлімшелері арасында «ГТҚҚ үздік буыны» сайысы өтті. Бұл тыныс алу қиындық тудыратын ортада жұмыс  істеу үшін жаттықтырылатын өрт сөндіру бөлімшелері.

ГТҚҚ үздік буыны сайысы міндетті жаттығулардың бірі болып табылады, өйткені олар ең жақсыларын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өртке қарсы күрестің заманауи тәсілдерін ескере отырып, бұл қызметтің бағыттарын көрсете алады.

Жарыс 6 жаттығудан тұрды, олардың әрқайсысын орынаду үлкен күш, шыдамдылық, керемет физикалық дайындықты қажет етеді.

Сайыстың маңызды кезеңдерінің бірі - зардап шегушіні құтқару болды, онда командаларға үш иінді сатымен оқу мұнарасының үшінші қабатының терезесіне көтерілу және құтқару арқанының көмегімен шартты зардап шегуші-манекенді түсіру қажет болды. Бұл кезеңде барлық команданың жұмысы маңызды. Баспалдақты тез және дұрыс орнату ғана емес, оқу мұнарасының терезесіне шығу, сонымен қатар зардап шегушіге құтқару ілмегін дұрыс бекіту және оны жерге түсіру қажет. Қазылар алқасы өрт сөндірушілердің соңғы іс-қимылдарын мұқият қадағалайды, өйткені шынайы өмірде аталған буын  құрамы адамды құтқарады, сондықтан адамға деген әрбір қарым-қатынастары мен іс-қимылдары ұқыпты болуы тиіс.

Ең қиын кезең – жылу түтін камерасында жұмыс істеу. Өрт сөндірушілердің міндеті түтіндеген бөлмеге кіріп, зардап шегушіні таза ауаға шығару. Бұл жаттығу газ-түтіннен қорғаушыларға зардап шеккендерді іздеу және өрт ошағын сөндіру бойынша өз іс-әрекеттерін жетілдіруге көмектеседі. Барлық буын іс-әрекеттерінің кәсібилігіне, үйлесімділігіне және жеделдігіне тек зардап шегушінің өмірі ғана емес, сонымен қатар өрт сөндірушілердің өздерінің өмірлері тәуелді болмақ, себебі буын мүшелері бір-біріне тіркесіп жүреді.

Жеңімпаздар жаттығуларды орындауға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталды. Қажырлы да, қызу сайыста «ГТҚҚ үздік буыны» атағына № 2 өрт сөндіру бөлімінің командасы ие болды, екінші орынды № 10 өрт сөндіру бөлімінің командасы, № 9 өрт сөндіру бөлімінің командасы үшінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 IMG_8326 IMG_8340 IMG_8347 IMG_8351 IMG_8360 IMG_8374 IMG_8377 IMG_8384

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Баспасөз қызметі