Улы газ датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда

Баспаға жіберу
20.09.2019 17:03

IMG_4836

"Сарыарқа" ауданы ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп улы газ датчиктерін орнату бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. 2019 жылы кезеңінде Сарыарқа ауданы бойынша тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар тұратын үйлерде 911 датчик орнатылған, қалған жағдайларда датчиктер орнату бойынша ұсыныстар беріледі. Улы газдың датчиктерін орнату тұншықтырғыш газбен улану қаупін айтарлықтай төмендетеді, ал кейбір жағдайларда қайғылы оқиғаның алдын алады.

Датчиктерді орнату кезеңінде ана мен үш балалын өмірін құтқару жағдайлары болған. Оқиға 1 наурыз күні түнде Көктал-2 ауданында орын алған, барлығы түнгі ұйқыға кеткен кезде, тұншықтырғыш газ датчигі іске қосылады, үш баланың анасы оянып үй-жайды желдетіп, "112" қызметіне қоңырау шалған, осылайша  қайғылы жағдайдың алдын алған.

"Сарыарқа" ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жылыту маусымы басталар алдында бірқатар іс-шаралар орындауды ұсынады:

1. Пештің құдықтары мен түтін жолдарын күйеден тазарту;

2. Пеште және түтін жүретін қабырғаларда тесіктерін  ерітіндісімен бітеу;

3. От алдыру алдындағы металл табағын орнату;

4. Пештен жанғыш материалдарды алшақ жинау;

5. Үйдің төбесі мен шатырын түтінден қайта тексеру керек.

Өрттен сақ болыңыздар!

 IMG_4839

«Сарыарқа» ауданының ТЖ басқармасы