Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы |
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасы белгіленсiн. 2. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1310 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 620-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |
Толығырақ...
|