Полковник И. Күлшімбаев: «Қазақстанның бірлігі – көпұлтты халықтың бірлігі»

Баспаға жіберу

«Қазақстанның тәуелсіздік алуымен Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев «Әралуандықтағы бірлік» нақты қағидатын айтқан болатын. Ол өз кезегінде халықтардың ерекшелігін, барлық қызығушылықтардың үйлесуін, ұлттық қатыстылығына қарамастан азаматтардың құқықтары мен міндеттерін сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті астаналық ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник И.Күлшімбаев «Strategy - 2050» Ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында. «Қазақстанның бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын. Менің арманым, ойым – Қазақстан­ның мәңгілік болуы», - деп Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ұлытау төріндегі толғаныс» сұхбатында атап өткен болатын.

Басқа мемлекеттердің алдындағы Қазақстанның басты ерекшелігі мемлекеттің көпұлттылығы, әр-түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген толеранттылығы, тұрақтылық пен бейбітшіл саясат.

«Астана қаласы ТЖД аталмыш қағидатқа әрдайым сүйенеді. Құрылымда ішкі мәдениеттің жоғарылығы, әр-түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы сыйластық пен татулық бар. Астана қаласы ТЖД-де 11 ұлт өкілі қызмет етуде. Олардың ішінде қазақтар, орыс халқының өкілдері мен украиндықтар  еңбек етуде.  Бұдан бөлек, Департаментте неміс, өзбек, дүнген, еврей, корей және басқа да ұлт өкілдері қызмет етеді. Олардың барлығын ортақ мақсат пен татулық біріктіреді», - деп атап өтті полковник И.Күлшімбаев.

Мемлекетіміздегі мәдениеттің сан алуандығы мен бірлік баға жетпес құндылық болып табылады, оның арқасында баршамыз біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік, татулық пен тұрақтылықты сақтаудамыз. Бұның барлығы ортақ мақсатына жетіп, мемлекеттің дамуына үлесін тигізуде.


Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі