Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауын түсіндіру жиналысы өтті

Баспаға жіберу

25 қараша күні ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауын түсіндіру жиналысы өтті. Жиналысқа ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»-тің бастығы Б.Т.Мұқашов және мемлекеттік мекеменің жеке құрамы қатысты. Бүркіт Төлегенұлы Жолдаудың басты тарауларын және болашақта Өрт сөндіру қызметінің алдында тұраған мақсаттар туралы айтып өтті. «Жолдауды іске асыру үшін әрбір азаматтың үлесі қажет, халықты біріктіретін -  жалпы мақсаттар», - деді мекеменің бастығы. Сонымен қатар, Б.Т.Мұқашов Жолдауда мемлекеттік институттардың жұмысын арттыруға көп көңіл бөлінгендігін ерекше атап өтті. Бұл мәселе ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің жұмысына тура қатысты екенін айтты. Мемлекеттік мекеме жұмысының  нәтижелілігіне  барлық жағдайлар жасалуда, сондықтан көп жағдайлар қызметкерлердің өздеріне байланысты.  «Президенттің Жолдауында келтірілген айқын мақсаттар және жоспарлар – бұл әрине елдің өркендетуінің формуласы. Бұл мақсаттарға біз тек қана бірігіп жетеміз», - деп Бүркіт Төлегенұлы баса айтып өтті.

Астана қаласының ТЖ Департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы