Астаналық Департаментте Елбасының Жолдауын талдау бойынша жиналыс өтті

Баспаға жіберу

Қаңтардың 23-і күні ҚР ТЖМ Кризистік орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір  болашақ» Жолдауы талқыланды. Астана қаласы ТЖ Департаментінің қызметкерлері мекеме басшысы М.Қ.Ысқақовтың баяндамасын тыңдады. Департамент бастығы генерал-майор М.Қ.Ысқақов, Ұлт Көшбасшысының қойған міндеттері мен Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқтала кетті. «Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне артылған міндет жайында айтып, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажеттігін де тілге тиек етті. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – 15 пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл қадамдардың барлығы мемлекеттің қызметке деген қызығушылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр деп білемін» ,- деп атап өтті ол. «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс»,-деген Елбасының сөздеріне келтіре отырып, «шенділердің бір өкілі ретінде, Елбасы еліміздің әр азаматының алдына қолжетімді әрі нақты міндеттер қойды деген ойдамын» , - деген пікірін жеткізді. Департамент басшысы құрылымдар мен бөлімшелердің басшыларына, Президенттің  «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір  болашақ» Жолдауын жеке құрамға жеткізу міндетін жүктеді.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі