Азаматтық қорғаныстың маңызы «Астана» радиосының эфирінде айтылды

Баспаға жіберу

Ақпанның 28-і күні Астана қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник И.Д.Күлшімбаев «Астана» радиосының эфирінде сөз сөйледі.

Ибрагим Дәукесұлы радио жүргізушісімен Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы негізгі мақсаттары жайында сұхбат құрды. Департамент бастығының орынбасары өз сөзінде, Тәуелсіз Қазақстанның азаматтық қорғанысы адам өмірін сақтауды басты мақсат ететіндігін тілге тиек етті. Наурыздың 1-і күні Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді. 2014 жылы азаматтық қорғаныс күнін атап өтуде «Азаматтық қорғаныс – апаттардың алдын-алу және қауіпсіз қоғамды тұрғызудің негізі» тақырыбы белгілінді.  Өз кезегінде, Ибрагим Дәукесұлы қоғам мүшелері әрдайым сан түрлі табиғи, техногенді апаттарға дайын болу керек екендіктерін жеткізді. Орын алған жағдайға дұрыс баға беру, дұрыс шешім қабылдау, өз-өздерін сақтауда дұрыс әрекет ету өте маңызды. Бұл ретте халықты, өскелең ұрпақты дайындау мәселелері өзекті. Осы мақсатта, жыл сайын Астаналық суда-құтқару қызметінің негізінде, өрт сөндіру бөлімідерінде, ОАҚЖ (Орталық аэромобильді құтқару жасағында) таныстыру сабақтары жүргізіледі. Сабақтардың барысында өрт сөндірушілер, сүңгуірлер мен құтқарушылар құрал-жабдықтарын көрсетіп, күнделікті өмірлерінде орын алатын қызықты жайттармен бөліседі.

Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі