Астана қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын тыңдады

Баспаға жіберу

Қарашаның 30-ы күні астаналық ТЖ департаментінің жеке құрамы елбасы нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын тыңдады. Биылғы жылы Елбасының Жолдауы дүниежүзілік дағдарыс жағдайында мемлекетіміздің әрекеттеріне арналған.  Биылғы Жолдау есеп бойынша 20-шы болып табылады, Н.Назарбаев алғаш рет 1995 жылы халыққа Жолдауын жеткізген болатын.  Айта кетейік, ҚР Президенті соңғы Жолдауымен халық алдына 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауымен  шыққан болатын.

«Экономикалық сынақ кезінде, халықты әлеуметтік қорғау  шараларын жалғастыра береміз. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы жалақы 40 пайызға өсетіндігін мәлім етемін», - деді Елбасы.

Елбасы айтып өткендей, бюджетниктердің әр саласында әртараптанған әдістерді қолдану қажет.

«Құрметті отандастар! «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіреткен, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жылдығына  аяқ басатын боламыз. Тәуелсіздікті баянды ету, оған қол жеткізуден де қиын екенін осы жылдар ішінде біз көріп білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай ету үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өтпелі көп, бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

«Бастан өткерген қиындықтарымыздан үлгі, өнеге, сабақ ала отырып, біз елімізді жарқын болашаққа жетелеуіміз қажет. Соңғы кездері әлемде көрініс беріп жатқан түрлі жағдайлармен экономикалық ауытқушылықтардан, құлдыраулардан Тәуелсіз Қазақстанның керегесін құлатып алмай алып шығуымыз керек. Ол үшін ең алдымен өз ішіміздегі ауызбіршілігімізді сақтай отырып, ел игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет», -деді Елбасы.


Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы