Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Президент Жолдауының аясында Жолдауды жүзеге асыру жұмыстары Астаналық ТЖ департаментінде «Полиглот» тіл сайысы өз мәресіне жетті

Астаналық ТЖ департаментінде «Полиглот» тіл сайысы өз мәресіне жетті

PDF Баспаға жіберу

2015 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Полиглот» республикалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері төмендегідей: Елбасы Н. Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын және одан да көп тілдерді жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау,  сондай-ақ тілдердің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін білу деңгейін арттыру, оны оқып-үйренуге деген ықыластары мен қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Салтанатты іс-шараны Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ибрагим Дәукесұлы Күлшімбаев өзінің құттықтау сөзімен ашты. Өзінің құттықтау сөзінде Ибрагим Дәукесұлы барлық жиналған қауымды Қазақстан халқының тілдер күнімен құттықтады.

Байқаудың шарттары бойынша қатысушылар барлық сыннан сүрінбей өтті. Байқау нәтижесі төмендегідей:

І орынды – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Біріңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісінің көмекшісі – Мұхамадиева Ұлжан Мақсатқызы қанжығасына байлап, республикалық конкурсқа жолдама алды. Енді ол, барлық аймақтар қатысатын байқауда елорданың намысын қорғайтын болады.

ІІ орынды – «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 12 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Байгожин Әділет иеленді.

ІІІ орын – Өрт саласын бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Нормалау бөлімінің қызметкері – Маметеков Диазға тиесілі болды.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Кенжегүл Тергембаева,

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы


 
Система Orphus