Астана қаласы ТЖД –де сабақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сөз қозғалды.

Баспаға жіберу

11 ақпанда Астана қаласы ТЖД-де сабақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта  сөз қоғалды.  Сабақта Астана қаласы бойынша Мемлекеттік істер департаменті Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу басқармасының бас маманы Раимбаев Данияр Исраилұлы жаңадан қабылданған «Қазақстан  Республикасы   мемлекеттік   қызметшілерінің    әдеп   кодексін», және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында сөз қозғады. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары туралы айтып өтті: сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлыққа бару себептері жөнінде айтылып өтті.  «1494» гол орталығы мен  «72-65-22» ақпарат беретін  әдеп кодексін бұзғандар үшін телефон нөмірі айтылды. Және де сабақта Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О.М.Абдрахманов қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен оны тудыратын жағдайлар туралы және жауапкершілік туралы түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында кадрлық жұмыс бөлім бастығы азаматтық қорғау полковнигі  К.А. Амангельдинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормаларын, жеке табыс және мүлік салығы бойынша декларация тапсыру тәртібі түсіндірілді. Және де К.А. Амангельдинов еңбек және қызметтік-әскери тәртіптібін міндетті түрде сақтауларын атап өтті.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын салық органдарына жеке табыстары мен мүлік бойынша декларация тапсырады.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына   толық жауаптарын алды.

 



Астана қаласы ТЖД