Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Жемқорлықпен бірге күресеміз» Жеке құрамның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен кездесуі

Жеке құрамның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен кездесуі

PDF Баспаға жіберу

IMG_1190

Ағымдағы жылғы 08 ақпанда Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және кәсіптік дайындық бойынша сабақ шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы  Алан Әбдісерікұлы Исақұлмен жеке құрамның кездесуі өтті.


Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау себептері мен жағдайлары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау фактілері туралы айтылды.

А.Ә.Исақұл өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлықтың белсеңді және тиімді профилактикасы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің жасалуын болдырмауға мүмкіндік береді, сыбайлас жемқорлықты төмендетеді, әрбір қызметкерге жүктемені төмендету есебінен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді",-деп атап өтті.

Сонымен қатар кездесу соңында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.


 IMG_1185 IMG_1194

Астана қаласы ТЖД Кадр жұмысы бөлімі


 
Система Orphus