Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Жемқорлықпен бірге күресеміз» Елордалық ТЖД-да ЖКО және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу бойынша сабақ өткізілді

Елордалық ТЖД-да ЖКО және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу бойынша сабақ өткізілді

PDF Баспаға жіберу

IMG_7346

Ағымдағы жылы 9 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде кәсіби дайындық сабағы шеңберінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызметкері А.Е.Абдрашовамен жеке құрамның кездесуі өткізілді.

Сабақ барысында Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар қызметкерлер арасында жол-көлік оқиғаларының, Жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында сабаққа Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі С.А.Жарылғапов шақырылып, ол қала бойынша жасалған жол-көлік оқиғалары бойынша талдауды, Жол жүру ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жеткізді.

Қызметкерлер сөз сөйлеушілерге қызықтарған сұрақтарын қойды.

 IMG_7351 IMG_7378 IMG_7403


Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Кадр саясаты бөлімі


 
Система Orphus