Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Жемқорлықпен бірге күресеміз» Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

PDF Баспаға жіберу

1u

4 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар Департаментінде жеке құрамның, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Ж. Жылқышиеваның және Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Сыздықовтың қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында жеке құрамға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қарашада қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Заңы туралы ақпарат жеткізілді.

Жалпы заң жобасы Мемлекеттік қызметке түсуге, өтуге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге, сондай-ақ бірінші басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған кездегі жауаптылығына бағытталған. Осы Заңға сәйкес бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей бағынысындағы адамға қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде отставкаға беруге міндетті. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет басшылардың өз қол астындағыларға жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген.

2u 3u 4u

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus