Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер

Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер

Құрметті ханымдар мен арулар!

PDF Баспаға жіберу

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – Ана, Әйел-Ару – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен тазалықтың  қайнары, сұлулықтың  және мейірімділіктің символы. Көктем мен Әйел – егіз ұғым. Бірі табиғатты оятса, екіншісі – адамзатқа өмір сыйлар тіршіліктің алтын діңгегі.

Толығырақ...

 

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

PDF Баспаға жіберу

Құрметті әріптестер мен ардагерлер! Сіздерді 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.

Мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерекенің маңызы да ерекше, тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылы бірінші желтоқсанда тарихымызда алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді.

Қазақ тарихында халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандардың сара жолымен, сарабдал саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар,  мерекелік көңіл-күй тілеймін!


 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған баяндама

PDF Баспаға жіберу

Толығырақ...

 

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М. С. Қайсановтың баяндамасы Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу

PDF Баспаға жіберу

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД «ӨСҚ және АҚЖ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Т.Аманбаевтың баяндамасы Тақырыбы: «Еліміздің басты заңы»

PDF Баспаға жіберу

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.С.Қайсановтың баяндамасы Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдығы»

PDF Баспаға жіберу

Толығырақ...