Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.С.Қайсановтың баяндамасы Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдығы»

Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.С.Қайсановтың баяндамасы Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдығы»

PDF Баспаға жіберу


Сіздерді мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын. Конституция күнін тойлау жылдың негізгі қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі болып саналады. Конституция – мемлекеттің басты заңы, Қазақстанның демократиялық дамуының берік іргетасы.

«1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум нәтижесінде еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституция Қазақстан Республикасының «... демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет...» екендігін айқындайтын бірден-бір негізгі және басты нормативті-құқықтық заң болып саналады.

Осыған қоса, Конституциямызға осы жылдар аралығында мемлекет пен оның халқының мүддесіне негізделіп 3 реткі өзгертулер енгізілді. Ата Заңымызды қабылдау үшін соншалықты көп күш жұмсалды, отыз үш мыңнан аса ұжымдық талқылаулар өткізілді, оларға еліміздің үш миллионнан астам азаматтары қатысты. Осы арқылы да біз сенімді түрде Конституциямызды Елбасының бастауымен халық бірге дайындады деп айта аламыз. Бірлескен күш пен сабыр арқылы біз өз заңымызды өзіміз жасай алдық, ол республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын түсіндіруге және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар еліміздің саяси және экономикалық жүйелерінің негізін айқындайды. Мемлекетіміз үшін қандай жағдайда болмасын, қандай маңызды шешім қабылдасақ та, біз негізді Республика Конституциясынан аламыз. Мысалға келетін болсақ, біз дәл Конституциядағыдай биліктің қайнар көзі – халық деп айтамыз. Конституция – биік заңдық күші бар жоғары заң.

Осы жылдары біздің негізгі мақсатымыз әлеуметтік бағдарлы экономиканы құру және азаматтардың экономикалық әл-ауқатын көтеру болды. Елде адам әлеуетінің дамуының тиімді үлгісі құрылып, оған өмір сапасының қазақстандық ұлттық негіздері салынған.

Бүгінде Қазақстан – азаматтары үшін жауапкершілік қабылдайтын мемлекет, ал олар өз кезегінде қоғамның ортақ құндылықтары мен қызығушылықтары үшін жауапты. Елде әркімнің жақсы өмір сүруіне жағдай жасауға барлық мүмкіндіктері бар.Адам денсаулығы, білімі және әлеуметтік қорғалуын алға қоятын ел болып табылады. Жыл сайын адам капиталының әлеуетін анықтайтын салаларға, яғни, білім, ғылым, мәдениет, халықтың әлеуметтік қорғалуы жәнеденсаулық сақтауғамемлекеттің шығысы өсіп келеді.

Әлеуметтік - гуманитарлық салаларда осындай даму қарқынын көрсететін елдер әлемде өте аз. Заңға сүйене отырып, Төтенше жағдайлар департаменті күннен - күнге мемлекет пен халық игілігі үшін қызмет істеуде. Еліміздің ары қарай дамуына, өсіп – өркендеуіне Департамент өз кезегінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін заң шеңберінде бүкіл күшін жұмылдырады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс бағыты төтенше жағдайлардың туындау қаупін және төтенше жағдайды жою қатерін барынша төмендетуге, Стратегиялық Жоспардың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізу және Операциялық жоспардың орындалуына шоғырландырылған. ТЖД негізгі міндеттері - төтенше жағдайларды болдырмау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеп, іске асырылуын қадағалау,халықтың өмірі мен денсаулығын, рухани және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайлар салдарын жою және келтірілген залалды төмендету болып табылады. Еліміздің тәуелсіз даму жылдарында халықты қорғау мәселесі бойынша толық нормативтік - құқықтық база қалыптасып, онда «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарды қамтылды.

Ұзақ жылдар бойы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін әрітұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеді. Астанада жыл сайын әлемдік деңгейдегі көптеген іс – шаралар мен салтанаты жиындар өткізіледі. Өз кезегінде Астана қ. ТЖ департаменті әр түрлі шаралардың қауіпсіз өтуіне бар күшін салады. Біз үшін қандай мереке болмасын,  әрдайым жауынгерлік дайындықтамыз. Бүгінде азаматтық қорғау полковнигі Барат Оспанұлы Дұзақбаевтың басшылығымен жұмыстар ауқымды түрде жүргізіліп жатыр. Әр бөлімше  өз саласында – елордада төтенше жағдайларды болдырмау, жою жолында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызмет істейді.

Адам өмір сүруінде қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру, нысандардың тұрақтылығын көтеру, барша халықты игі іске қамту, төтенше жағдайлар саласында халықаралық ынтымақтастықты тереңдету – ТЖД алдағы жылдардағы  негізгі міндеттері болып табылады. ТЖД кейінгі қызметі ТЖ алдын алу және жою бойынша мемлекеттік жүйесін нығайтуға, табиғат апаттарына, аварияларға, зілзалаларға қарсы, қатерлерді басқару жүйесі бойынша инфраструктураны дамытуға, шұғыл әрекет ету күштеріне қажетті авариялық – құтқару техникасы және жабдықтарын құрамдауға, сондай – ақ осы салада мониторинг жүргізіп, болжау  жасаудың тиімді жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған.

21 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз жаңа Қазақстан мемлекетінің демократиялық жолмен қалыптасуына негіз болды. Заңымыздың әр тармағына сүйеніп, өз қызметімізді бастағалы еліміз бен халқымыздың мүддесіне қызмет етіп келеміз. Алдағы уақытта заңдарымыздың аясында Департамент төтенше жағдайлардың алдын алуға, мемлекетіміздің басты байлығы – халқымыздың амандығын қамтамасыз етуге барынша күш жұмсайды.

Осындай атаулы күні Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 21 жылдығымен құтыққтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, амандық, бейбіт өмір мен мейірім тілеймін. Еліміз – Қазақстан Республикасы үшін жаңа да биік белестерді бағындыра берейік!


 
Система Orphus