Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер Астана қаласы ТЖД «ӨСҚ және АҚЖ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Т.Аманбаевтың баяндамасы Тақырыбы: «Еліміздің басты заңы»

Астана қаласы ТЖД «ӨСҚ және АҚЖ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Т.Аманбаевтың баяндамасы Тақырыбы: «Еліміздің басты заңы»

PDF Баспаға жіберу

Жиырма бір жыл бұрын үлкен тарихи қадам жасалды, жаңа Қазақстан мемлекетінің демократиялық жолмен қалыптасуына мүмкіндік туды. Осы жылдардағы еліміздің жүріп өткен тарихи жолына үңілсең, көптеген онжылдықтарға татиды. Бұл кезең заңнамалық жаңару мен барлық қазақстандықтардың психологиясы үшін жәй кезең болған жоқ.

Конституция – мемлекеттің басты заңы, Қазақстанның демократиялық дамуының берік іргетасы. Бұл жәй ғана жақсы ниеттегі декларация емес, ол еліміздің кез келген азаматы бірінші кезекте білуге тиісті, тіке әрекетте жұмыс істейтін құжат. Және біздің ортақ міндетіміз – Конституциямен бекітілген құндылықтарды сақтау мен дамыту.

Еліміз үшін ауыр өтпелі кезеңде 1995 жылы Конституциямыз қабылданды және мемлекетіміздің ішкі саясатының және экономикасының дамуына үлкен септігін тигізді. Жаңа негізгі заңымызға сәйкес мемлекеттік жоғары билік органдарының құрылымы өзгерді, Қазақстанның саяси сабын жетілдіру жолында байыпты қадамдар жасалды. Мемлекетіміздің рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны секілді, Конституция да өзіне біріктіру бастамасын жүктейді. Онда республикамыздың әрбір азаматының бір елдің халқы болып саналатыны, олардың ортақ территориямен және ортақ тағдырмен байланысуларының негізгі нормалары тұжырымдалған.

Біздің көпұлтты мемлекетіміздің тұрғыны бола тұра әрбір азаматымыз тумысынан барлық құқықтарымен, азаматтық бейбітшілік пен келісіммен қамтамасыз етілген , заң алдында бәрі тең.

Қазіргі таңда «ӨСҚ және АҚЖ» ММ қызметкерлері қоғам мүддесі үшін аянбай еңбек етуде. Жұмысшылар үшін ең негізгі міндет елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі болып табылады. Заманауи жағдайларда біз халықтың, бүгінгі күннің қауіп-қатерінен туындайтын материалдық және мәдени құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген міндеттерді атқарамыз, тұрғындарға арнап түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз және т.б.

Азаматтарымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру үшін, төтенше жағдайлардың алдын алып, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді дәріптеу мақсатында әр күн сайын «ӨСҚ және АҚЖ» ММ қызметкерлерімен профилактикалық алдын алу іс-шараларын өткіземіз.

Конституция азаматтардың тек құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп қана қоймай, ол әр адамның жеке қызығушылығы мен ар-намысына құрмет көрсетуге, әр азаматқа заң талаптарын сақтауға жауапкершілік жүктейді. Дегенмен, азаматтық қоғамның тек заң талаптарын сақтаудан құралмайтынын, оның сонымен қатар адами құндылықтар – адамгершілік, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, түсінушілік пен адалдық, ар-намыстан да тұратынын естен шығармауымыз керек.

Баршаңызға ашық аспан, келісім мен тұрақтылық тілеймін. Әр отбасында бақыт пен амандық болсын. Отанымызды көркейтуге деген талпынысымыз бізді биік мақсаттар мен жетістіктерге жетелей берсін!


 
Система Orphus