Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М. С. Қайсановтың баяндамасы Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М. С. Қайсановтың баяндамасы Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу

PDF Баспаға жіберу

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылданды. Қазақстан заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесін алды. Бұл тарихи оқиға - қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы мен үмітінің орындалу нәтижесі.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс бағыты төтенше жағдайлардың туындау қаупін және төтенше жағдайды жою қатерін барынша төмендетуге, Стратегиялық Жоспардың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізу және Операциялық жоспардың орындалуына шоғырландырылған. ТЖД негізгі міндеттері - төтенше жағдайларды болдырмау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеп, іске асырылуын қадағалау,халықтың өмірі мен денсаулығын, рухани және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайлар салдарын жою және келтірілген залалды төмендету болып табылады. Еліміздің тәуелсіз даму жылдарында халықты қорғау мәселесі бойынша толық нормативтік - құқықтық база қалыптасып, онда «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарды қамтылды.

Ұзақ жылдар бойы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін әрітұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеді. Астанада жыл сайын әлемдік деңгейдегі көптеген іс – шаралар мен салтанаты жиындар өткізіледі. Өз кезегінде Астана қ. ТЖ департаменті әр түрлі шаралардың қауіпсіз өтуіне бар күшін салады. Біз үшін қандай мереке болмасын,  әрдайым жауынгерлік дайындықтамыз.

Бүгінде азаматтық қорғау полковнигі Барат Оспанұлы Дұзақбаевтың басшылығымен жұмыстар ауқымды түрде жүргізіліп жатыр. Әр бөлімше  өз саласында – елордада төтенше жағдайларды болдырмау, жою жолында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызмет істейді.

Осындай атаулы күні Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құтыққтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, амандық, бейбіт өмір мен мейірім тілеймін. Еліміз – Қазақстан Республикасы үшін жаңа да биік белестерді бағындыра берейік!


 
Система Orphus