Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған баяндама

Баспаға жіберу

Құрметті әріптестер мен ардагерлер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Конституция» - латын тілінен аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы. Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Осы Конституция конституциялық құрылым­ның құқықтық негізін қалаумен бірге, рес­публика қызметінің: қоғамдық тату­лық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халық­тың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мем­лекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу сияқты түбегейлі принциптерін бекітті. Жаңа Ата заңымыз қоғамдық-саяси инс­титуттардың құқықтық негіздерін, адам және азаматтың конституциялық мәрте­бесін анықтады, экономикалық құры­лым­ның негіздері айқындалып, мемле­кет­тік құқықтық жүйенің негізі қаланды.

Қазақстандық құқықтық жүйенің шыңында елімізде ең жоғары заңдық күші бар, нормалары республикамыздың барлық аумағында тікелей қолданылатын Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң  — Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Ата Заң – Бабалар аманаты. Кешегі Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституциямыз.

Конституция күні – айтулы мереке. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Бәрі де Ата заңнан бастау алады. Біздің сүйе­неріміз де, басшылыққа алатынымыз да – Қазақстан Конституциясы. Оны біздің ал­тын темірқазығымыз десе де болады. Ен­деше, бағыт айқын, мақсат биік. Осы жол­да елмен бірге болашаққа қадам баса­тынымыз анық. Жылдан-жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін, ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Ұзақ жылдар бойы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекет пен халық игілігі үшін, сонымен қатар төтенше жағдайларды болдырмау, жою жолында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аянбай қызмет етуде. Апаттың алдын алу, қауіпті шақтарда халықтың өмірін сақтап қалуға дайын болу – біздің еңбегіміздің басты көрсеткіші. Төтенше жағдайлар қызметі мемлекеттің тікелей бақылауындағы, халық пен аумақтың қауіпсіздігі үгін аса қажет абыройлы мамандықтардың бірі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек.

Осындай айтулы мерекеде баршаңыз Отанға деген адал сезіммен атқарып отырған еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, молшылық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!