Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер Құрметті ханымдар мен арулар!

Құрметті ханымдар мен арулар!

PDF Баспаға жіберу

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – Ана, Әйел-Ару – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен тазалықтың  қайнары, сұлулықтың  және мейірімділіктің символы. Көктем мен Әйел – егіз ұғым. Бірі табиғатты оятса, екіншісі – адамзатқа өмір сыйлар тіршіліктің алтын діңгегі.

Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда Еуропаның Австрия, Дания, Германия, Швейцария елдерінде аталып өтті. Уақыт өте бұл мейрам саяси көрінісін жоғалта бастайды. Кеңес Үкіметі бұл тарихи мейрам — 8 наурызды мемлекеттік мейрам дәрежесіне көтеріп, 1965 жылдан бастап ресми демалыс болып жариялады. Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін де 8 наурыз мейрамы ТМД елдері арасында жоғары дәрежеде тойланып келеді.

Елбасымыздың «Әйел шексіз құдірет иесі. Тарих тағылымында ең айтулы өзгерістердің барлығы әйелдердің қолымен немесе әйелдер үшін жасалады. Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген дана сөзі үнемі жадымызда сақталып тұрады. Сонау қиын-қыстау жылдарында елдің еңсесін көтеруге атсалысудан бастап, бүгінгідей әлемге танылып, бәсекеге барынша қабілетті мемлекет болуға ұмтылып отырған заманда да әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Олар заң шығару саласында да, мемлекеттік қызмет, денсаулық, құқық қорғау органдарында, білім-ағарту жүйесінде де жемісті жұмыс істеп жатыр. Олардың сабырлықтары, еңбекқорлықтары, мақсатқа ұмтылғыштықтары кез келген мамандықта табысқа жетелейді.

Төтенше жағдайлар дегенде, бірден әр адамның санасында тілсіз жаумен күресетін және кез келген жағдайда көмекке келуге дайын күшті жауынгердің бейнесі пайда болады. Бірақ бұл салада батыл ер азаматтармен қатар, нәзік жанды арулар да қызмет атқарады. Олар төтенше жағдайларды жоймайды, өртке шықпайды, бірақ қызмет жүйесіндегі туындаған елеулі мәселелерді шешуде олардың орны ерекше. Біздің Департаменттің өзінде 200-ден астам қыз-келіншек, атап айтқанда диспетчерлер, радиотелефоншылар, инженерлер, инспекторлар, бухгалтерлер, психологтар, заңгерлер, баспасөз, кеңсе, кадр жұмысы және штаб қызметкерлері еңбек етуде.

Жер-дүниенің жаңаруын, оның мәні мен сәнін паш етіп келе жатқан көктем мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, шаттық, мызғымас денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер, көктемнің шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін!

С уважением,

временно исполняющий обязанности начальника

ДЧС г. Астана

полковник М.Аманбаев


 
Система Orphus