Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Ресми сөз сөйлеулер және өтінімдер 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған баяндама

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған баяндама

PDF Баспаға жіберу

Құрметті әріптестер мен ардагерлер! Сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тәуелсіздік – кез келген ел үшін жаңа сатыға көтерілу мен қайта түлеудің, гүлденіп дамудың тың қадамы, елеулі тарихи кезеңі.

1991 жылы 1 желтоқ­санда халық Тұң­ғыш Президентті сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті. Елбасы тәуелсіздіктің ал­ғашқы кезеңінен бастап ұлтаралық келісімді, ел бірлігін мемлекет саясатының басты қағидаты ретінде белгіледі.

Мемлекетіміздің өркендеуімен бірге біздің төтенше жағдайлар саласы да бірнеше белесті бағындырды. 1998 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласы әкімінің «Астана қаласында Азаматтық қорғаныс аймақтық құрылымдарын құру туралы» өкімі қабылданды, осыған сәйкес 185 құрылым құрылды. 1998 жылы ақпан айында Ақмола қаласының өртке қарсы қызметі  Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Бас басқармасы  болып өзгертілді, қала әкімі өкімінің шешімі бойынша  Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша 14 қызмет құрылды.

2005 жылы Үкімет Қаулысымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы департамент болып қайта құрылды. Бірнеше мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері ашылды. Бірнеше заманауи жаңа техникалар сатып алынды. Ұзақ жылдар бойы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекет пен халық игілігі үшін, сонымен қатар төтенше жағдайларды болдырмау, жою жолында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аянбай қызмет етуде.

Осы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін. Ел ертеңі, Қазақстанның болашағы жолындағы игі жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін!


 
Система Orphus