Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Есептер және баяндамалар «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел-қызметтік іс-қимылы туралы» баяндама

«Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел-қызметтік іс-қимылы туралы» баяндама

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін үйлестіру, жұмыс істеу және ары қарай дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қала аумағында 356 төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелген, оның ішінде 47 адамның жаралануына және 15 адамның өліміне әкелген белгіленген критерийлерге сәйкес 31 төтенше жағдай .

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында құтқару бөлімшелерінің күшімен 2476 жедел шығулар жүзеге асырылды, оның ішінде 218 адам құтқарылып, 757 адам көшірілді, 52 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді және 28 млн. теңге соммасынан астам жеке  және мемлекеттік меншік құтқарылды.

Алдын ала қабылданған шаралар және төтенше жағдайларға мерзімінде ден қойылуының нәтижесінде 4,7 есеге ТЖ саны азайды, өрттердің саны 21%-ға азайды, қаза тапқандар саны 69%-ға, материалды зардаптардың төмендеуі 32%-ға төмендеді.

Азаматтық қорғаныс

Астана қаласы аумағындағы Азматтық қорғаныс жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешенін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. «2016 жылға арналған аумақтық жүйеге бағынысты астаналық азаматтық қорғанысты жетілдіру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары», «2016 жылғы арналған эвакуациялық комиссиясының жұмыс жоспары», «қалалық қосалқы және қала сыртындағы қосалқа басқару пункттерін дайындыққа келтіру жоспары» әзірленіп, бекітілді.

Астана әкімінің «Астана қаласы эвакуация комиссиясын құру туралы» және «құрама эвакуациялық пункттерін құру туралы және ЭЖП әкімшілігінің құрылымын бекіту туралы» қаулылары қайта жасалып бекітілді. Құрама эвакуациялық пункттердің саны 27 ден 42-ге дейін артты. Тұрғын үй басқармасымен бірге әрекеттесу барысында ТЖ туындаған және қаупі төнген кезде зардап шеккен тұрғындарды уақытша орналастыру орындары белгіленді.

Қаланың қорғау құрылымдарын дайындыққа келтіру бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмыстар қисынды аяқталуға жақын. Коммуналық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасымен және «Жылжымалы мүлік орталығы» Департаментімен бірге 32 қараусыз қалған қорғау құрылымдарына  техникалық паспорттар дайындалды және орналасу мекенжайлары берілді. Құрылымдар Әділет департаментіне есепке қойылған және бұдан әрі оларды қаланың коммуналдық меншігіне тапсыру үшін сотқа талап арыз жолдау жоспарланып отыр.

Ауыз суын тазарту кезінде сұйық хлордан гипохлорид натриге ауысу үшін, «Астана Су Арнасы» құрылғысын орнату бойынша жоба жүзеге асырылды, бұл ретте қала тұрғындары үшін қажет ететін жеке қорғау құралдары үш есеге төмендеген, жергілікті атқарушы органдар жеке қорғау құралдары- балалар қорғау камераларын (КҚК-6) сатып алынды.

Төтенше жағдай туындаған және қаупі төнген кезде мемлекеттік басқару органдарын және тұрғындарды құлақтандыру қалалық жүйесін жаңаландыру үшін 2016-2018 жылдар кезеңіне 470 млн теңге бөлу қарастырылған. Бүгінгі күнде «Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасы» КММ құралдарды сатып алуға байқау өткізуде, ол үшін 139,2 млн. теңге бөлінген.

ТЖ алдын алу және жою

Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік біріңғай саясатты өткізу және құру ұсыныстарын жасау мақсатында Астана қаласы ТЖ бойынша Комиссиясы есептік кезеңде 7 мәселе, 33 хаттамалық шешім қабылданған 2 отырыс өткізді.

Көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және өз мерзімінде ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында Комиссияның отырыстарының бірінде «Су тасқыны кезеңінде көтемгі тасқын суларды өткізу және қала аумағында су басуға бейім күрделі учаскелерге қызметтің дайындығы» мәселесі қаралды. Су тасқынын кезеңіне жедел ден қою үшін «Қазгидромет» РМК, Есіл, Есіл бассейн инспекциясы, «КазВодхоз» РМК филиалы, Астаналық гидро торабымен, «Астана қаласы шаруашылық коммуналдық басқармасы» ММ және «Қазселқорғау» ММ филиалымен бірге ТЖ туындаған және қаупі төнген кезде гидрометеорологиялық, гидрологиялық ақпараттар мен мәліметтермен өзара алмасу күшейтілген.

Тұтас алғанда, «2016 жылғы Астана қаласы  аумағына көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын» іске асыру кезенде қала қызметтерімен әрекеттесе отырып қабылданған шаралардың арқасында төтенше жағдайлардың болу қаупін алдын алдық.

Әрекеттердің келісімділігі үшін мүмкін ТЖД жою тәртібін анықтайтын қаланың 21 қызметімен өзара әрекет ету жоспары және нұсқаулықтары қайта бекітілді.

Департаменттің БКДҚБ және Астана қаласы ІІД жедел ден қою орталығы арасында ақпарат алмасудың тиімділігі арттыруға, шақырту орнына бара жатқан өрт сөндіру бөлімшелері үшін «жасыл толқын» қамтамасыз ету тәртібі анықталатын «Төтенше жағдайлар, авариялар және басқа да оқиғалар туралы хабарлама түскен кезде Астана қаласы ІІД ЖБО және Департаменттің БКДҚБ арасында ақпарат алмасу және өзара әрекет ету туралы» нұсқаулығы өз әсерін тигізеді.

Жұмылдыратын бөлімшелер дайындығын анықтау үшін лаңкесттікке қарсы қауіптілік аумағында  жұмыстар өткізуге жұмылдырылатын барлық эшелондардың дайындығы тексерілді, Астана қаласы бойынша АЖШ ТКО ҰҚКД-ге берілетін Департаметтің күштер мен құралдарының 6 тобының лауазымдық міндеттері жаңартылды.

«Азаматтық қорғау қызметінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы» мәселесі бойынша  жиналыс өткізілді. Қаланың азаматтық қорғау органдарына «Суқоймалардағы қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» ҚР ІІМ бұйрығы жеткізілді және Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі, «ОӨАЖҚЖ» ММ және Астана қаласы транспорттық бақылау инспекциясы» РММ-мен келісілген «2016 жылғы жаз кезеңінің жалпы суға түсу орындарында және қаланың суқоймаларының, басқа да демалыс объектілерінде қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары» және «2016 жылғы навигация кезеңінде қала суқоймаларының суда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша біріккен іс-шаралар жоспары» қарастырылды.

Суға түсу кезеңінің басталуы алдында құрамында ТЖД, аудандық әкімдіктер, Есіл бассейн инспекциясы,Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды, құрылысты, коммуналық шаруашылық басқармасы және «ОӨАЖҚЖ» ММ өкілдері  бар комиссия қала суқоймаларына шолу жасады. Қала аумағында 15 суқойма орналасқан, оның ішінде 2-і ғана жабдықталған.
Адамдардың өлімінің алдын алу үшін суқоймалар жанында саны 45 дана ескерту белгілері орнатылған, 630 балаға суда жүру ережесі оқытылды, қала мектептерінде 300 оқушыны қамти отырып, ашық сабықтар өткізілді. Орталық жағажай айдынында суда-құтқару стнасасының қызметкерлері балаларды жүзуге оқыту үшін орындар дайындады. «Қауіпсіз демалыс» жалпы қалалық акциясы шеңберінде 50 мектеп жанындағы лагерлерде 800 баланы қамти отырып, профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Суда-құтқару стансасының бөлімшелері Есіл өзенінің айдынынна күнделікті күзету ұйымдастырылған, демалыс күндері қала суқоймаларында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережесін жеткізе отырып, Департамент шолу іс-шараларын өткізеді.

Өзара әрекеттесу шеңберінде және қоғамдық тәртіпті қамтмасыз ету үшін Жергілікті полиция қызметінің маторлы қайығы суға жіберілген, демалыс орындарында, суқоймалар жағасында спирттік ішімдіктер ішетін тұлғаларды, белгіленбеген жерлерде суға түсуді,  қараусыз қалған балаларды, сондай-ақ от жағуды анықтау үшін Ұлттық ұлан сарбаздарының шолуы ұйымдастырылған.

Есептік кезеңде қаланың су айдынында 6 адам қаза тапты, соның ішінде 1 бала, ал өткен жылы 11 адам, оның ішінде 3 бала қаза тапқан.

Бақылаулы-профилактикалық қызмет

Астана қаласында 2016 жылдың есептік кезеңінде 9 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапқан 345 өрт тіркелген. Материалдық шығын 12 млн 50 мың теңгені құрап отыр.

Жедел-қызметтік іс-қимылды жетілдіру және ІІД және ТЖД бөлімшелерінің әрекеттесу мақсатында «өрттермен байланысты қылмыстарды  тергеу» мәселесі бойынша Астана қаласы ІІД тергеу басқармасымен сабақтар өткізілді.

АТК-де 1670 ақпарат тіркелген, оның ішінде: 1 ақпарат өткен жылдан келген; 1159-жүктелімге көшіріп жазылды (номенклатуралық іс); 143- әкімщілік  материалдар құрылды және 266 ведомствоға бағынысты, АТК-ге 71 тіркелді.

2016 жылдың 1 жартыжылдығына инженерлік-инспекторлық құрам 657 объектіге өрт –техникалық тексеру жүргізілді, оның ішінде ерекше тәртіпте 560 тексерілсе, 97 объект жоспардан тыс тексерілген.

Департамент өрт қауіпсіздігі саласында 2016 жылғы 1 жартыжылдығында шаруашылық 680 объектілерге тексеру өткізу жоспарланған. Жартыжылдың қорытындысы бойынша ерекше тәртіпте 560 объект тексерілді, 8 объектті прокуратура тескерген, осылайша жоспардың орындалуы 82,4%-ды құрап отыр.

Өткізілген тексеріс қорытындысы бойынша 404 әкімшілік жаза тағайындалған, оның ішінде 10 млн 400 мыңнан аса соммада 349 тұлғаға айыппұл төлеуге тағайындылды. 8 млн. 187 мың теге соммасында 297 әкімшілік айыппұлдар өндірілді. ҚР КоАП 896 бабына сәйкес жеке сот орындаушыларымен мәжбүрлі түрде өндіру үшін 265 мың 125 теңге соммасында 9 айыппұл жолданды.

Бизнеске әкімшілік қысымды төмендету, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету тиімді механизмдерін құру мақсатында мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» ХДП, Астана қаласы прокуратурасының және шарушылық субъектілердің қатысуымен 2 дөңгелек үстел өткізілді.

Астана қаласы кәсіпкелер палатасымен бірге Департамент қызметкерлері «Халықөқа қызмет көрсету орталығында» кеңес беру үшін «кәсіпкерлік сағат»- жоспарына қатысады, кездесу барысында өзінің бизнесі және мүлігі үшін жауапкершілікті дағдыландыруға бағытталған мәселелер және өрт қауіпсізідігі бойынша сұрақтар қарастырылып,кеңес беру әңгімелесу өткізілді. Барлығы 15 әңгімелесу өткізілді.

«Астана қаласы мемлекеттік архитектуралық-құрылысты бақылау басқармасы» ММ өзара әрекеттесу кезінде қаланың салынып жатқан объектілері есепке алында. Бүгінгі күнде қала аумағында 916 объект құрылысы жүргізілуде, өрттердің алдын алу шеңберінде құрылыс компанияларының басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша құрылыс ұйымдарына өрт қауіпсізідігі шараларын сақтау қажеттігі туралы ақпараттық хаттар жолданды.

ЭКСПО-2017 құрылыс алаңы объектілерінің өрт қауіпсізідіг ережелерін және қағидаларын сақтау бойынша кеңес және тексеріс өткізу үшін меморандум жсалды. Бекітілген кестеге сәйкес 14 көрме объектілеріне өрт –техникалық тексеріс жүргізілді( 28 толық және 28 бақылаулы).

«Абу-Даби Плаза» көп атқарымды кешеннің құрылысы кезінде Астана қаласы ТЖД және «ArabtecConsolidatedConstractorsLimited» компаниясының филиалы арасында өзара  ынтымақтастық меморандум жасалды.Осы меморандумға сәйкес негізгі мақсат кешеннің құрылысы және жобалау кезінде кеңес бері көмегін көрсету болып табылады. Бүгінгі күнде 7 кеңес беру өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №1017 Қаулысына сәйкес қаланың 18 объектісінде мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі құрылған, атап айтқанды тұрақты (тәулік бойы) жауынгерлік дайындықта тұратын бөлімшелер.

Өрт сөндіру қызметі бағыты бойынша

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта бөлімшелер 1474 жедел шығулар жасады, 56 құтқарылып, 654 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрттерге және басқа да төтенше жағдайларға ден қою дайындығын арттыру мақсатында 10 жалпы горнизондық өрт –тактикалық жаттығулар ұйымдастырылды және өткізілді.

«Абу-Даби Плаза-Астана» құрылыс алаңының аумағында биіктікке өрт сөндіру мотопомпаларын және аралық көлемдер қолдана отырып, өрт сөндіргіш құралдарын беру тәсілдерін, сондай-ақ гарнизон жарақтарында тұрған жаңа технологиялардың жұмыс жасауымен тәжірибелік оқытулар өткізілді.

Сондай-ақ  2016 жылғы 1-15 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендеріндегі су тасқыны жағдайының нашарлауына байланысты төтенше жағдай аумағына Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  қызметкерлерінің есебінен құрылған күштер мен құралдар топтастыруы жіберілді. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындарды көшіру, құлақтандыру, дамбаларды бекіту, суды тартып шығару, азық-түлік және жанар жағар материалдарын жеткізу ұйымдастырылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілді. Су тасқыны жағдайын жоюға 6 бірлік техника, 23 бірлік жеке құрам жұмылдырылып, су басу аймағынан 47 адам көшіріліп, 195 805 куб су тартылып, 1200 қап топырақ дайындалып төселді, 1960 метр су бұрғыш каналдар тазартылды. Бүгінгі күнге ҚР ІІМ ТЖК нұсқауы бойынша Павлодар облысында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 4 бірлік техника және 20 бірлік жеке құрамның дайындығы қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылда Қарағанды облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ теңгеріміне 8 бірлік өрт сөндіру автокөлігі және  Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2 бірлік негізгі тағайындаудағы автокөлік берілді.

Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес 14 603 140 соммасы көлемінде қосалқа бөлшектер, 30 467 432 теңге соммасында жанар-жағар материалдарын сатып алу жүзеге асырылды. Гарнизонның транспорт құралдарына жүргізушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша мәселелер қарастырылды, сақтандыру полистері бөлімшелерге жолданда.

«Жобалық атауы  № Е357 және 227 көшелерінің қиылысында орналасқан жер теліміндегі 6 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені» объектісі құрылысына бақылау жүргізілуде. Бүгінгі күнде игеру 100%- ды құрап отыр. Барлық жұмыстар өрт сөндіру депосы бойынша кестеге сәйкес орындалуда. №12 көшесі бойынша Астана қаласы өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтау мәселесі шешілген жоқ. Шарт міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу мақсатында Салушыға қатысты талап-арыз жұмыстары жүргізілді. Астана қаласы Сотының 2015 жылғы 29 шілдедегі шешімі бойынша «Уральскстроймонтаж» құрылыс компаниясы» ЖШС шарт бойынша жұмыстарды аяқтауға және тқабылдау-тапсыру актісі бойынша объектті беруге міндеттелді.

Мердігерді жұмыстарды орындауға мәжбүрлеу мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Әділет департаментіне 2016 жылғы 09 маусымда ««Уральскстроймонтаж» ЖШС-ны құрылыс жұмыстарын аяқтауға мәжбүрлеу туралы» орындаушылық қағазы жолданған, алайда орындаушылық қағаз орындаушылық іс-қимыл жасау орнына қайта келген. Орындаушылық өндіріс Астана қаласы Әділет департаментіне жолданды. Бүгінгі күнде Салушыға қатысты орындаушылық өндіріс жүргізілуде.

Үгіт-насихат

Азаматтық қорғау саласында тұрғындарды оқыту белсенді жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 1 мың 159 материал орналастырылды. 252 мақала жарияланды, телевизия арқылы 46 бейнематериалдар және радиоарналар мен радиожайлар арқылы 861 сөз сөйленді. Ұйымдар қызметкерлері мен тұрғындармен 17 мың адамды қамти отырып, 766 дәріс және әңгіме өткізілді.

Департамент жаңалықтары «Тенгриньюс», «Закон.кз», «Бинюсь», Today.kz, Astinfo, Әкімдік сайтында, Қазақстан-Жаңалықтары» интернет-басылымдарда әрдайын қол жетімді. Ақпараттандыру агенттіктеріне маңызды оқиғалармен бірге ағымдағы жаңалықтар да және ескерту ақпараттарыда жолданады.

Тұрғындармен тиімді үгіт-насихат-профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін белсенді түрде Интернет белсенді пайдаланылады, жиі әлеуметтік желілер қолданылады. Күн сайын Департаменттің жаңартылатын парақшаларына жазылушылар саны көбейіп отыр. Интернетте ақпарат орналастырудың айрықша белгілері- жеделділік, қол жетімділігі және расталған, қата байланысу мүмкіндігі, тұрғындарды қамту маңыздылығы болып табылады.

Фейсбук әлеуметтік желісінде біздің парақшамыздың күнделікті жаңартуларына 984 оқырман жазылған. Әр жарияланған ақпараттың оқырманы 17311 қарауға жетіп отыр.  Бүгінгі күнде парақшамызда 3150 жаңалық жарияланған. Парақшада баспасөз қызметінің және ТВ, ақпараттық агенттіктер мен ТЖК сайтының жариялануына сілтеме жасай отырып мақалалар орналастырылады.

Твиттер.ком-да 3663 жаңалық жарияланған және  2367 оқырман бізідің парақшамыздың күнделікті жаңартылуымзыға жазылған. Ресми твиттер-аккаунтта интернет басылымдарға, ТЖК және ТЖД, бейне материалдарға  тікелей сілтеме жасай отырып жарияланады.

Сонымен қатар, ВКонтакте әлеуметтік желісінде 1269 жаңалық жарияланған және 415 оқырман жазылған, «Мой мир» парақшасында 1600 жаңалық және 500 оқырман тіркелген.

Тұрғындарды көптеп қамту үшін ведомствоның имиджін арттыру үшін оқиға орнынан фото және бейне материалдарды шұғыл жариялауға мүмкіндік беретін «Инстаграм» ресми парақшасы құрылды, ол жерде 373 материал жарияланған. Жазылушар арасында Ресей ТЖМ, Белорусия ТЖМ және алыс шет елдер өкілдері бар.

Youtube арнасында Департамент қызметі туралы 60-тан аса бейнематериалдар жарияланған Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің ресми парақшасы құрылған. Тұрғындар арасында Facebook, Istagram және «Мой мир» сервистері белсенділікке ие.

ҚР ІІМ ТЖК, Астана қаласы ТЖД  интернет ресурстары белсенді қолданылады.

Департаменттің қызметі ведомстволық газеттер мен журналдарда кеңінен таратылады.

ТЖ алдын алу  және тұрғындарды қауіпсіздік шараларына оқыту бағыты бойынша үгіт-насихат жұмыстары әзірленді және ұсынылды:

6 түрлі буклеттер, саны 8000 данада жаднамалар;

Ұзақтығы 30 секунд 2 бейнеролик.

Республикалық телеарналар және қаланың LED-экрандарында, қоғамдық көліктерінде және адамдардың жаппай келу орындарында бейнероликтердің көрсетілуі қамтамасыз етілген.

Жыл басынан БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің шаралары», «Өртті сөндіруден ескерту оңай», «Жазғы уақыттағы судағы қауіпсіздік» тақырыптарында 3 брифинг, 3150 оқушыларды  қамти отырып, 121 мектепте 5 интерактивті сабақ өткізілді.

Төтенше жағдайлар жағдайында тұрғындардың іс-қимылға дайындығын арттыру мақсатында оқыту іс-шараларынң кешені өткізілді. Алматы қаласында «Азаматтық қорғау республикалық оқыту-әдістемелік орталығы» ЖШС-да 12 адам оқытудан өтті. Департаментте  азаматтық қорғау саласында уәкілетті әр түрлі ұйымдардың 536 лауазымды тұлғалары оқытылды.

Қаржымен қамтаасыз ету

Астана қаласы ТЖД және «ӨС және АҚЖҚ»ММ-нің 2016 жылғы  бюджеті 3 млн 501 мың 919 теңгені құрайды. Жартыжылдың қортындысы бойынша игеру 99,9%-ды құрап отыр.

«Машина, жабдықтар, өндірістік және шарушылық инвентарьдің құрал-саймандарын сатып алу»   414 сипаттамасы бойынша бөлінген қаражаттар есебінен жалпы соммасы 934,4 мың теңгеге негізгі құралдар сатып алынды.

Міндеттемелер мен төлемдеор бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес 2016 жылғы 01 қаңтар жағдайында жергілікті бюджет есебінен 500 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің игерілуі 100%-ды құрап отыр.

2016-2018 жылдарға бюджеттік өтінімдер құрастырылып ҚР ІІМ ТЖК және Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.


 
Система Orphus