Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Есептер және баяндамалар Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылы атқарған жұмысы жөніндегі есебі

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылы атқарған жұмысы жөніндегі есебі

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін үйлестіру, жұмыс істеуіне және ары қарай дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жедел ахуал

2016 жылы қала аумағында 77 төтенше жағдайлар тіркелген, оның ішінде , 80% техногендік сипаттағы ТЖ (техногендік – 62, табиғи - 15). Уақытылы алдын алу шараларын қабылдағаннан кейін 2016 жылы алдынғы есептік кезеңмен салыстырғанда ТЖ 2,5 есеге, зардап шеккендер саны 3,5 есеге және қаза тапқандар саны 2 есеге төмендеді.

2016 жылы Астана қаласында 811 өрт тіркелген,  салдарынан 58 адам әр түрлі деңгейдегі жарақаттар алса, 18 адам көз жұмды. Материалдық шығын 17 млн 050 мың теңгені құрап отыр. 2015 жылмен салыстырғанда өрт саны  6,8%-ға (2015 жыл - 870), материалдық шығын 10,6%-ға (2015 - 19 млн. 75 мың), өрт кезінде қаза тапқандар саны  29,6%-ға (2015 жыл - 27), жарақат алғандар саны 5%-ға (2015 жыл - 61) азайды.

Азаматтық қорғау күштерінің ТЖ-ға жедел ден қоюы

«112» және «101» жедел қызметтеріне  568 669 хабарлама түсті. Для реагирования на ЧС спасательными подразделениями осуществлено порядка 5 тыс. оперативных выездов, при которых спасено 380 и эвакуировано 1 тыс. 383 человека. Төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында құтқару бөлімшелерінің күшімен 5 мың жедел шығулар жүзеге асырылды, оның ішінде 380 адам құтқарылып, 1 мың 383 адам эвакуацияланды.

Ұйымдастыру іс-шаралары

  • Бос лазауымдарға орналастыру бойынша 9 конкурс өткізілді, нәтижелері бойынша 230 үміткер жұмысқа қабылданды.
  • ЭКСПО-2017 ауданында 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының кешенінің құрылысы аяқталды. Бөлімде өрт сөндіру техникалары және штаттармен жабдықталуы бойынша жұмыстар атқарылды.
  • Астана қаласының төтенше жағдайлар комиссиясының 6 отырысы өтіп, онда 15 сұрақ қарастырылып, 50 хаттамалық шешім қабылданды.
  • Бизнеске әкімшілік қысымды төмендету, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету тиімді механизмдерін құру мақсатында мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» ХДП, Астана қаласы прокуратурасының және шаруашылық субъектілердің қатысуымен 5 дөңгелек үстел өткізілді.
  • «Халыққа қызмет көрсету орталығында» кеңес беру үшін «кәсіпкерлік сағат» жобасы аясында 4 мәжіліс өткізіліп, өрт қауіпсізідігі бойынша сұрақтар қарастырылды.
  • «Абу-Даби Плаза» көп атқарымды кешеннің құрылысы кезінде Астана қаласы ТЖД және «ArabtecConsolidatedConstractorsLimited» компаниясының филиалы арасында өзара  ынтымақтастық меморандум жасалды. Осы меморандумға сәйкес негізгі мақсат кешеннің құрылысы және жобалау кезінде кеңес беру көмегін көрсету болып табылады

Халықты құлақтандыру және ақпараттандыру

  • Астана қаласы халқын құлақтандыру 40 бірлік электр дабылдары арқылы және 6 республикалық телеарналарға қосылумен (Хабар, Қазақстан, Еуразия бірінші арнасы, Астана, КТК, НТК) және радио арналар (Астана, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиосы) арқылы  іске асырылады. АЛМА-ТВ және Қазақтелеком кабелді телехабар тарату операторларының техникалық арналарында ескерту ақпараты щығады.
  • «Astana Innovations» АҚ-мен бірге «Smart Astana» мобильді қосымша арқылы хабар тарату арқылы сұрақ қарастырылуда. 112 кезекші қызметімен қолданушыларға 5 млн. аса құлақтандыру хабарламалары жіберілді: сабақтардың болмайтындығы, тас жолдардың жабылуына және т.с.с. қатысты

ТЖ мен оқиғалар профилактикасы:

  • ТЖ талдауына сәйкес, 95 % төтенше жағдайлар мен оқиғалар (846-дан 811-і) өндірістік және тұрмыстық өрт себептерінен болған, және олардың жартысынан көбі тұрғын жер үй секторларында (411 оқиға) тіркелген. Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен (ЖПҚ) өзара әрекеттесу арқасында 49 мың жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жадынама табыстады.
  • өртпен абайсыз болу себебінен болатын өрттерді болдырмау мақсатында ЖПҚ бірге 161 рейдтік іс-шара жүргізілді. Шара тұрғылықты мекен-жайы белгісіз тұлғалардың орналасу орындарында және тұрмысы төмен отбасыларда жүргізіліп, оған 514 адам қамтылды.
  • адамдардың өлімінің алдын алу үшін суқоймалар жанында саны 45 дана ескерту белгілері орнатылған, 630 балаға суда жүру ережесі оқытылды, қала мектептерінде 300 оқушыны қамти отырып, ашық сабықтар өткізілді. Орталық жағажай айдынында суда-құтқару стнасасының қызметкерлері балаларды жүзуге оқыту үшін орындар дайындады. «Қауіпсіз демалыс» жалпы қалалық акциясы шеңберінде 50 мектеп жанындағы лагерлерде 800 баланы қамти отырып, профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
  • бақылаудағы объектілерде тәуекел дәрежесі жоғары объектілердің өртке қарсы жай-күйіне 1463 тексеріс жүргізіліп, бұзушылықтарды жібергені үшін 851 заңды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 23,5 млн. Теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.
  • бұқаралық ақпарат құралдарында 2661 материал орналастырылды. Басылымдарда 260 мақала жарияланды, телевизия арқылы өртке қарсы тақырыпта 41 бейнематериалдар мен радиоарналар мен радиожайлар арқылы 2360 сөз сөйленді. ЕРЦ түбіртектерінің теріс жағында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамасы бар 240 000 парақшалар таратылды.
  • «Арктика» ауыз суының (Әр үйге қауіпсіздік) арнайы жапсырмалары бар бір топтамасы шығарылды.
  • «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы шеңберінде «Баян Сұлу» АҚ бірлесе 50 мың жаңажылдық қорапшалар әзірленіп шығарылды. Қорапшада тәттілерден бөлек, құтқару қызметтерінің нөмірлері көрсетілген картон сызғыштар бар.
  • Әкімдіктің қолдауымен эстрада жұлдыздары қатысқан бейнеролик әзірленді.

Азаматтық қорғаныс

- «Республикалық азаматтық қорғау оқу-әдістемелік орталығы» ЖШс-де біліктілікті жоғарылату курсында 27 адам өтті.

- Департаментте 778 адам оқытылды.

- Ұйымдарға шығу әдісімен 21 сабақ жүргізіліп, 2256 адам қамтылды. Әдістемелік көмек 130 ұйымға көрсетілді.

- Департамент базасында 380 оқу-жаттығу өткізілді.

-  Жергілікті полиция қызметінің қатысуымен 18 жалпы гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіліп, 3 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысты.

EXPO 2017

«НК «Астана EXPO – 2017» ҰҚ» АҚ  бірге «EXPO – 2017 объектілерінің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі өзара әрекеттесу жоспары», «Көрменің дайындың және өткізу кезеңіндегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзе асыру жоспары»,  «EXPO – 2017» объектілерінің қауіпсіздік төлқұжаты бекітілді. 


 
Система Orphus