Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Есептер және баяндамалар Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылдың I тоқсаны бойынша қызметтік нәтижелері жөніндегі анықтама

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылдың I тоқсаны бойынша қызметтік нәтижелері жөніндегі анықтама

PDF Баспаға жіберу

Жедел жағдай

Төтенше жағдайлар және оқиғалар санының 26%-ға өсуi белгiленді ( 2017 ж. - 220, 2016 ж. – 175 жағдайлар), белгiленген критерийлерге сәйкес 27 (17, +58,8%) төтенше жағдайлар тiркелді, оның iшiнде 43 адам зардап шекті  (19, +2,2 р.),4 адам қаза тапты (6, - 33,3%).

203 (2016 ж. - 173) өрт болды, 17,3%-ға өсуі байқалады, бұл ретте адамдар өлiмі 5 есеге төмендеді (2017 ж.-1, 2016 ж.-6), материалдық нұқсан 18 миллион 200 мың теңгені (2016 жыл - 11млн.100 мың теңге) құрады.

Төтенше жағдайларға азаматтық қорғау  күштерінің ден қоюы

Құтқару бөлімшелерінің шығу саны 3% - ға көбейді (2017 ж.-1018, 2016 ж.-988). Оның барысында 107 (73, +46,5%) адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 595 (431, +38%) адам эвакуацияланды, 45 (32, + 40%) зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді.

Өрт қауіпсіздік саласындағы алдын-алу жұмыстары

  • 241 объектіге өрт-техникалық тексеріс жүргізілді. Оның ішінен ерекше тәртіп бойынша 160 объекті тексерілді,  81 объект жоспардан тыс тексерілді.

Өткiзiлген тексерiстердің қорытындысы бойынша физикалық, лауазымды және заңды тұлғаларға 163 әкiмшiлiк жаза салынды.Айыппұл түрінде 141 тұлға тартылып, 4 миллион 390 мың 515 теңгеге жалпы сомаға айыппұл салынды. Ескертулер саны 22 құрады. 57 әкiмшiлiк айыппұл өндiрiлді, өндiрiлген айыппұл сомасы 1 миллион 610 мың 990 теңгені құрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 565 материалдар орналастырылды. Жалпы саннан басылымдарда 63 мақала жарияланды, өртке қарсы тақырыпта орыс және қазақ тiлдерінде 10 бейнематериал телеарналардан көрсетілді, әр түрлi сауда - көңiл көтеретiн орталықтар, радиоарналар, кинотеатрлар және т.б. орындарда радиодан 492 сөз сөйленді.

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

«Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС -де біліктілікті арттыру курстарында 5 маман оқудан өттi.

Мамандарды іріктеу жоспарына сәйкес, есептiк мерзiм бойынша Департаментте 209 маман оқудан өттi.

Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, ҰҚКД және АМО қызметкерлерiн жұмылдыра отырып, 5 ұйымда шығу әдісімен сабақ өткiзiлді, тыңдаушылардың саны 545 адамды құрады.

2017 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқулар мен оқу-жаттығулар жүргiзудiң жоспарына сәйкес, есептiк мерзiмде: 1- командалық - штабтық оқу-жаттығу, 25 – объектілік оқу-жаттығу, 1 тактикалық - арнаулы оқулар, 1 - балаларды қорғау күнi және  авариялық жағдай бойынша 78 жаттығу өткізілген. «Астаналық әуежайда қауiпсiздiк және жайлылық» кешендi жоспарларын орындау шеңберінде 2017 жылғы 16 ақпанында Департамент Астана халықаралық әуежайында тактикалық - арнаулы оқу-жаттығуларын  өткізді.

Азаматтық қорғау саласында бiлiмдi насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлендi: (теледидар бойынша - 1, радиодан – 1, интернет ресурстары - 5 және басылымдар - 2).


Төтенше жағдайларды алдын алу іс-шаралары

Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесiн қалыптастыру шеңберінде: «Астана қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары», «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатер каталогы» бекітілді, «Қауiпсiздiк төлқұжатына» түзетулер енгізілді.

«Облыстар халқын және аумақтарын 2017 жылғы көктем кезеңіндегі тасқын судан қорғау жөніндегі шаралар туралы» ҚР IIМ-нiң  2017 жылғы 6 ақпандағы № 94 бұйрығын және 2016 жылдың 13 желтоқсанындағы  Комитет төрағасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында 2017 жылғы көктемгi су тасқынын өткізуге дайындығы және адамдарды өлiмін болдырмау, ықтимал зиянды төмендету, сонымен бiрге профилактикалық су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргiзу жөніндегі жоспарын» іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қала аумағында болуы мүмкiн су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша шаралар кешенін өндiру мақсатында,  «2017 жылға арналған Астана қаласының  аумағында көктемгі су тасқынын өткізудін кешенді іс-шаралар жоспары» (бұдан әрi мәтiн бойынша - Кешенді жоспар) бекітілді, мұнда 215 алдын алу және инженерлiк-техникалық сипаттағы су тасқынына қарсы іс-шаралар қарастырылған.

  • Төтенше жағдайларды алдын алу және жою бiрыңғай мемлекеттiк жүйесінде тұратын ұйымдардың ақпаратты жинау, өңдеу және талдау мақсатында, гидрометеорологиялық және гидрологиялық ақпараттармен айырбастау жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны кезеңiнде Есіл және Нұра өзендерінің су алаптарында тасқын жағдайының қиындауы, күн тәртібінде ауа-райының болжамы, өзендердің  және су қоймасының толатындығы қадағаланады.

«Казгидромет» РМК, Есіл бассейндік инспекциясымен бірге, Есіл өзенінің сағалары мен арық - канал жүйелерінде мұз қату қалыңдығы, қардың қалыңдығы, арналарда үйілген қарлардың және де басқа кедергілерді бақылап-тексеруге қатыстық.

Астаналық су қоймасы  және Контрегулятордың  жұмысын,  астананың сол жағалауындағы  қорғау бөгеттерді күшейту  және Майбалық көлден  «Нұра - Есiл» арнаға дейін  су бұрғыш арнаны тазарту жұмыстарының күн сайынғы бақылауын жүргізеді.

Мұзда қауiпсiздiктiң ережелерін сақтау бойынша қала мектептерiнде интерактивтік сабақтары өткiзiлген.

Мұз үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Есіл және Ақбұлақ

өзендерінде мұзайдың қызметіне тыйым салғанына уақытылы шаралар өткізілген, ОӨАҚЖҚЖ күштерімен күзету ұйымдастырылған, халықтың мұзға қол жеткiзудiң шектеуiне қабылдаудың қажеттiлiгi туралы Жергіліктік полиция қызметі ақпараттандырды.

Төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдар дайындығы

138 қалыптастыру, 2232 адам және 485 құтқарушы, автомобильдiк және инженерлiк техникадан тұратың қаланың азаматтық қорғау қызметінің қалыптастаруының құрамына өзгерістер енгізілген.

Төтенше жағдайлардың түрлерiне, жергiлiктi ауқым төтенше жағдайларды жою, Жергiлiктi полиция қызметiнен өзара iс-әрекеттi жоспарлар, сонымен бiрге департаменттiң антитеррорлық қауiпсiздiгiне паспортқа өзгерістер енгізілген.

«Халықаралық әуежайы» АҚ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар ынтымақтастық жоспарын бекітті.

Жедел команда үшін су тасқынына қауіпті және қар басатын уческелiк нұсқаумен ситуациялық карталар дайындалған, сонымен бірге Астананың айналасында жасыл белдеуді айқындай отырып картаны әзірлейді.

ОӨАЖҚЖ-мен бірге балық аулаушыларға және суға түсетін азаматтарға ескертпе талондар енгiзілген. 2017 жылы жазғы шомылу мезгілінде

қаланы жұмыспен қамту орталығының басқаруымен құтқарушылардың жасақтарын жасау бойынша мәселе қарастырып жатыр, соны орындау  үшін жетекшiлiк ететiн қала әкімінің орынбасарына хат жіберілген.

Қыс мезгілінің төтенше жағдайларды жою үшін ТЖД, ІІД, ҰҰ, ОӨАЖҚЖ, және АМО-нан 221 адам, 43 техникалық бірліктен топтастыру құрылған.

Көрсетілген топтастырумен 19 және 20 ақпандағы Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев және Сарыкөл аулының автожолында ақбайталдан 6 көлік, 108 адам соның ішінде 14 бала, 3 жүкті әйел және 1 емшек бала эвакуацияланған.

  • Сарыарка ауданының қарттар үйінiң аумағында «Көктем-2017» РКШО ұйымдастыруымен,соның барысында Есіл өзенінің жағасында 80 метр ұзындығымен 180 метрлік көлімінде төгiлген бөгетті қосты және қардың әкетiлiмiмен ұйымдастырды.

        Департаменттің  топ және эшелондар, Астана қ. ҰҚДК АТО тартуымен, 13 -14 ақпанында Астана қаласының аумағында ҚР ҰҚК АТО құрылымымен антитеррорлық толық масштабта жаттығулар өткізілген.

Оқудың қорытындылары бойынша Департамент құрамаларының іс-әрекеттеріне АТО өкілімен оң баға берген.

  • Антитеррорлық оқуды өткіздге дайындық шеңберінде 25-29 наурыз аралығында Астана қ. ҰҚДК АТО «ЭКСПО -Антитеррор» 4-кезең оқу-жаттығуында Департамент күштері және құралдарының  бөлек жаттығуы өткізілген.

Байланыс және хабарландыруды қамтамасыз ету

Қазiргi уақытта Астана қаласының халқын хабарландыру 40 бiрлiк электр дабылдары арқылы жүзеге асады.

Халықты құлақтандыру Төтенше жағдай комитеті және департаментте интернет ресурстарында жүзеге асырылады. Халыққа қажеттi ақпарат, бейне және фотоматериалдар орналастыру үшiн, Фейсбук, Твиттер, Вконтакте, Ютуб секілді әйгiлi платформалар белсенді түрде пайдаланылады. Сонымен бiрге қаланың аумағында ( «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС, «Алтел» АҚ, «ААҚ GSM Қазақстан «Қазактелеком» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС) төрт (4) ұялы байланыс операторларымен халыққа ұялы телефондарына SMS-хабарлама және қысқа хабарламалар тарату арқылы ақпарат жіберіледі. 6 телеарна (Хабар, Қазақстан, Еуразия Бірінші Арнасы, Астана, КТК, НТК) және 5 радио хабарларын тарату бағдарламаларын (Астана радиосы, Шалқар радиосы, Ретро ФМ, Авторадио, Қазақ радиосы), сондай-ақ ұялы байланыс операторлары SMS – жіберулер арқылы ("Кселл-Актив, Билайн, Теле-2,Пасворд-Далаком) ұстап қалу жүзеге асырылады).

Электр дабылы арқылы «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын беру бойынша 2 жаттығу жүргізілді.

«Astana Innovations» АҚ бірлесіп, «Smart Astana» мобильдік қосымшасы

арқылы қала тұрғындарын құлақтандыру сұрағы пысықталды.


 
Система Orphus