Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Есептер және баяндамалар Ішкі істер министрінің есебін тыңдау нәтижелері бойынша Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің БҰРЫШТАМАСЫ

Ішкі істер министрінің есебін тыңдау нәтижелері бойынша Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің БҰРЫШТАМАСЫ

PDF Баспаға жіберу

2017 жылғы 8 маусым                                                                                                                                                                 Астана қаласы

Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес отырысында ішкі істер органдарының қызметіне және жүйенің мақсатты индикаторларының орындалуына қатысты бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалу мәселелері бойынша ІІМ-нің қызмет нәтижелері және Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың есебін тыңдау және жария талқылау нәтижері бойынша ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Ішкі істер органдарының, сондай-ақ Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың қызметін Конституцияға және практикада қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қылмыстың алдын алуды және оған қарсы күресті қолдайтын заң үстемдігіне берілгендікті көрсететін Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына сәйкес деп танылсын.

Ішкі істер органдары қызметіндегі қалыптасқан есептілік пен айқындылық азаматтық қоғаммен және Қазақстан халқымен диалог механизімі мен өзара түсіністікті тұрақты және кезеңді қолдайтын маңызды алғы шарттар болып есептелсін, ішкі істер органдары оларға қызмет етуге және оларды қорғауға міндетті. 

2. ІІМ-ге, аумақтық ішкі істер органдары, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің басшыларына ұсынылсын:

1) өз қызметін азаматтық қоғаммен, қоғамдық қалыптасулармен және халықпен айқындық, өзара іс-қимыл және ынтымақтастық принципінде негіздеу және өзін азаматтарға, олардың өкілдеріне, мемлекетке және заңға есеп берушімін деп санау;

2) әкімдіктермен бірлесе отырып, жергілікті полиция қызметін ұйымдастыруды жетілдіру және нәтижелігін арттыру, оған жергілікті халықтың сенім арналарын нығайту жөніндегі жұмысты жандандыру;

3) өңір әкімдерінің қолдауымен жергілікті полиция қызметін материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде арнайы мекемелердің, учаскелік полиция пунктерінің жаңа ғимаратын салу және қолда бар ғимараттарды жөндеу, қызметтік автокөлікпен, полиция қызметкерлерін байланыс құралдармен және тұрғын үйлермен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді іске асыру;

баяндалғанның негізінде жергілікті қажеттілікті және бюджет мүмкіндігін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларының қосымша штат санын бөлуді көздеу;

4) жергілікті атқарушы билік органдарының учаскелік полиция инспекторларын олардың құзыреті мен өкілеттігіне кірмейтін жұмыстарға қолдану практикасын жою;

5) құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында елді мекендерде «Қауіпсіз аула» сызбасы бойынша жергілікті тұрғындардың және мемлекеттік жеке серіктестік субъектілерінің белсенді қатысуымен жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

6) тұрғын үйлерде орнатылған бейнебақылау камераларын өңірлердегі ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына (бұдан әрі – ЖБО) қосу туралы ІІМ басшылығының бастамасын қолдау;

7) қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару және әкімшілік заңнамаларының нормаларын қолдануға тұрақты негізде мониторинг жүргізу және криминалдық цикл құқығы саласына уақытылы белгіленген тәртіпте өзгерістер енгізу. 

3. Ішкі істер органдарын жетілдіру жөнінде мынадай ұсыныстар енгізілсін:

1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық пакетін оларды осы мәселеде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілерінің әлеуметтік-құқықтық жағдайымен теңестіре отырып, жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

2) халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер, оларды электрондық форматқа көшіру, санын арттыру, сондай-ақ өңірлерде мамандандырылған ХҚКО желілерін құру сапасына тиісті ішкі бақылауды қамтамасыз ету;

3) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалту кешенді стратегиясын іске асыру барысында Пробация туралы Қазақстан Республикасы жаңа Заңының мүмкіндіктерін максималды қолдану;

4) жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда ТЖ алдын алу және жою жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын қайта қарау, сондай-ақ өңірлердегі ТЖК бөліністерінің қызметін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша қаржыландыру;

5) қоғамдық тыңдаулардың қортынды хаттамаларында көрсетілген іс-шараларды іске асыру жалғастырылсын:

«Нашақорлықтың алдын алу, оның ішінде пенитенциарлық жүйеде: тәжірибе, проблемалар, оларды шешу жолдары. Есіркіге қарсы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында (2017 жылғы 23 ақпандағы);

«Азаматтар мен полиция: сенімге негізделген өзара іс-қимыл» тақырыбында (2017 жылғы 28 сәуірдегі) және 2016 жылы жүргізілген басқа да қоғамдық тыңдаулар; 

6) Ішкі істер министрлігінің қызметтері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық сараптау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуы ерекше бақылауға алынсын;

7) Ішкі істер министрінің және облыс әкімдерінің мекенжайына Қоғамдық кеңес төрағасының қызметтік жазбасымен ресімделген, өңірлердегі ішкі істер органдарын (СҚО, ШҚО, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстары, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Академиясы) қоғамдық мониторингтеу барысында ІІО қызметінде орнатылған алдыңғы қатарлы тәжірибелердің таратылуы ерекше бақылауға алынсын;

8) жоғарыда баяндалғаннан басқа:

азаматтардың арыздарымен, әсіресе ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен қызметтік әдепті бұзу фактілері бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру;

БАҚ-тағы жарияланымдарды мониторингтеу және ішкі істер органдарының қызметі туралы әрбір сыни материал бойынша тиісті шаралар қабылдай және қоғамдастық пен халықты ақпараттандыра отырып тексеріс жүргізу;

Әкімшілік және қылмыстық процеске қатысушыларға, ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріндегі және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға білікті заң көмегін қамтамасыз ету жөніндегі адвокаттық қызмет кепілдігін сақтау, ішкі істер органдарының қызметіндегі алғышарттар болып табылады. 

4. Қоғамдық кеңестің бұрыштамасы бұқаралық ақпарат құралдарында және ведомстволық интернет-ресурсқа орналастырылсын. 


Қоғамдық кеңес төрағасы                                                         М. Қоғамов 

Қоғамдық кеңес хатшысы                                                     С. Сүйінбаев


 
Система Orphus