Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Есептер және баяндамалар Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп

PDF Баспаға жіберу

2017 жылы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметі елорда аумағында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға, елордалық кіші азаматтық қорғау жүйесін үйлестіруді, қалыптастыру мен дамуды қамтамасыз етуге бағытталды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында Департаменттің құтқару бөлімшелері 5700 рет шықты (2016 ж.-4993 шығу), 3 мыңнан астам авариялық-құтқару және қауырт жұмыстар атқарылды. Департамент күшімен 466 адам құтқарылды (2016 ж. - 384),  ТЖ аймағынан 1370 адам эвакуацияланды (2016 ж.-1384),  152 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, 500 млн. теңгеден астам сомадағы мүліктер құтқарылды.

2017 жылы Астана қаласының аумағында 75 төтенше жағдайлар (техногендік – 66, табиғи - 9) тіркелді (-2,6%, 2016 ж. - 77), салдарынан 143 адам зардап шекті (+25,4%, 2016 ж. - 114), 27 адам қаза болды (-22,8%, 2016 ж. - 35).

Өткен жылмен салыстырғанда ТЖ саны 2,6%, қаза болғандар саны 22,8% азайған, зардап шегушілер саны 25,4% артқан.

699 өрт тіркелді, өткен жылға қарағанда 14% аз (2016 жылы - 811). Сонымен қатар қаза болушылар саны 31,5% азайған (2017 – 13 адам, 2016 – 19 адам). Материалдық шығын көлемі 64 млн. 387 мың теңгені құрады (3,7 есеге артық, 2016 ж. – 17 млн.).

2017 жылдың есептік кезеңінде қоғамдық-саяси, спорттық және мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде 1315 кезекшілік ұйымдастырылып, өткізілді, оның 49-ы күзетілетін тұлғалардың қатысуымен.

Маусымдық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар шаралар өткізілді, мәселен көктемгі мұз еріген кезде Есіл және Ақбұлақ өзендеріндегі сырғанау қызметіне тыйым салу бойынша шаралар қабылданды. Тұрғындардың мұзға шығуына шектеу қою қажеттігі жөнінде жергілікті полиция қызметі, аудандық әкімдіктер ақпараттандырылды, «Сынып сағаты» аясында мұздағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, 1631 адам қамтылды.

Заманауи қоғамдағы елеулі мәселелердің бірі балалардың жарақат алуы. Балалардың жарақаттануының алдын алудағы негізгі әдіс әр бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Департамент қаланың Білім беру басқармасымен бірлесіп интерактивтік сабақтар өткізу дағдысын қалыптастырды, онда балалар мен жасөспірімдер жарақатының негізгі түрлерінің алдын алу бойынша іс-шаралар кешені ұсынылады, есептік кезеңде 18 тақырып бойынша 8 интерактивтік сабақтар өткізілді, 38 671 оқушы қамтылды.

Суға шомылу кезеңінде белсенді жұмыстар атқарылды. Қаланың 84 мектебінде 15124 оқушыны қамтумен суға шомылу және қысқы мезгілдегі қауіпсіздік бойынша дәрістер, сондай-ақ 5200 оқушыны қамтумен интерактивтік сабақтар өткізілді.

Суға шомылу кезеңінің өтуі мен су тоғандарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын тұрғындарға жеткізу бойынша Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп брифинг өткізілді.

Азаматтық қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында қалалық ТЖ комиссиясының 7 отырысы өткізілді (4 жоспарлы, 3 жоспардан тыс), 24 сұрақ қаралды, нәтижесі бойынша 79 хаттамалық тапсырмалар берілді, оның 58-і толық көлемде жүзеге асырылды.

Қаланың қауіпті өндрістік нысандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында нысан басшыларын төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу, ТЖ кезіндегі материалдық шығындар көлемін азайту бойынша өз мерзімінде шаралардың қолданылуы тиістігі жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді, барлығы 186 ақпараттық хаттар табысталды.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына нұсқан келтіруі, ауқымды шығын көлемінің болуын ескере отырып жыл сайын көктемгі су тасқынымен байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупін мейлінше азайтуға бағтталған іс-шаралар кешені жүзеге асыралады.

Астана су қоймасынан жоғары деңгейде судың жіберілуімен байланысты су тасқынының күшейген кезеңінде «Есіл өзенінің тасуы кезінде Астана қаласын қорғау» нысаны жоғары тиімділік танытты, нәтижесінде қала жойқын су тасқынынан қорғалды.

2018 жылғы су тасқынына нысандарды әзірлеу аясында ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2017 жылғы 12 желтоқсанда нысанның техникалық жай-күйіне комиссиялық тексерістер жүргізілді, тексеріс барысында нысанның гидротехникалық имараттарының ысырмалары мен электромеханикалық жабдықтары қалыпты күйде жұмыс жасайтығындығы анықталды, жұлқыламай, іркіліссіз және дірілсіз ашылып, жабылады. Нысан консервацияға әзірленген және 2017-2018 жылдардағы қысқа маусымға дайын.

Газмашаппарат ауданындағы (саяжай алаптары) учаскелердің суға кету мәселесі жыл сайын қайталанады, ол Есіл өзені арнасында салынуы мен қайта жаңғыртумен тығыз байланысты. Есіл өзенінің қала бөлігіндегі арнасының суды дұрыс өткізбеумен байланысты өзекті мәселелерді шешу үшін қаланың инженерлік қорғанысы мемлекеттік бағдарламасы аясында «Есіл өзені арнасын қайта жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Астана қаласының әкімдігімен ұзындығы 7,1 шақырымды құрайтын (көпірден бастап Ш.Бейсековға көшесі бойымен қаланың батыс шекарасына дейін) арна құрылысын қайта жөндеудің 6-шы кезегі бойынша ЖҚҚ әзірлеуге келісімшарт жасалды, ол «2017-2020 ж.ж. су тасқыны қаупінің алдын алу және оны қалпына келтіру бойынша кешенді іс-шаралар» Жол картасының жекелеген іс-шараларына қосылды.

Жол картасы іс-шараларын жүзеге асыру аясында ндірістік нысандар мен жеке тұрғын үйлерді күзетілетін су аймақтары мен белдеулерінен тыс жерге көшіру бойынша іс-шаралар қабылдануда, есептік кезеңде 27-сі алынды, барлығы 152 саяжай учаскелері алынуы тиіс, босатудың жорамал құны 761,5 млн. теңгені құрайды.

Майбалық көлінің толуымен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу үшін «Жойқын су жіберу қондырғысы мен айналма арнасы бар Астана қаласының қорғаныс дамбасын қайта жөндеу» жобасын жүзеге асыруға дейін Майбалық өзені мен «Нұра-Есіл» арнасына дейінгі арнаның су өткізгіштігін арттыру бойынша іс-шаралар қабылдау жоспарлануда.

2018 жылы азаматтық қорғаудың елордалық аумақтық кіші жүйесін жетілдіру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Астана қаласы әкімімен бекітілді.

Астана қаласы әкімінің шешімімен азаматтық қорғау қызметтері, эвакуациялық комиссиялар, жиынтық эвакуациялық бекеттер, басқару бекеттері мен 2017-2021 жылдарға арналған Астана қаласының азаматтық қорғаныс жоспары бекітілді.

1330 нысанға өрт-техникалық тексерістер жүргізілді, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,1% аз (1463).

5328 бұзушылықтар анықталды, 716 әкімшілік шара қолданылды. 635 тұлғаға жалпы сомасы 24 млн. 788 мың 825 теңгеге айыппұл салынды, 23 млн. 313 мың 975 теңге көлеміндегі 602 әкімшілік айыппұл өндіріліп алынды немесе жалпы айыппұлдар санының 94,8%.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 5782 сөз сөйленді, 2016 жылдан 64,8% артық (3507). Телеарнада 100, көрсеткіш 9,9% артқан (2016 ж. - 91), баспасөзде 558 мақала, өткен жылғы ұқсас көрсеткіштерден 19,2% артық (468), радиода 25, өткен жылғы көрсеткіштерден 2 есеге артық (11).

Информагенттікте 167 ақпарат (106), дауыс зорайтқыш қондырғыларда 4407 (2360), Департаменттің интернет-ресурсында 353 (317), Комитеттің интернет-ресурсында 172 (154) ақпарат жарияланды.

Үгіт-насихат жұмыстарын тиімді ету үшін Интернет белсенді түрде қолданылады, әсіресе әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілерде 15 мыңнан астам жаңалықтар жарық көрді, Департаменттің ресми парақшасын 30 мыңнан астам оқырмандар қараған.

Тұрғындарды оқытудың тиімді әдістерінің бірі бейне роликтер көрсету, Департамент пен «ӨС және АҚЖҚ» ММ ғимаратының төбесіне көлемі 15 ш.м. 2 LED-экран орнатылған, онда «Өрттердің алдын алу», «Маусымдық ТЖ алдын алу», «Өрт кезіндегі іс-қимылдар», «Баршаның назарына!» дабылы кезіндегі іс-қимылдар» тақырыптарында, сондай-ақ КТИ оқуға түсуге шақыру мен жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіледі.

LED экранда бейне роликтер көрсету түрлі жастағы тұрғындарды түгелдей қамтуға мүмкіндік береді. Жарнамалық құрылымдар күн сайын елорданың көптеген азаматтары мен қонақтарының назарын аудартады, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға ықпалды әсер етеді.

2017 жылы Департаменттің қызметі «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған болатын.

Көрмеге дайындық жұмыстары кезінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Көрме павильондарын салу кезінде тақырыптық павильондардың өртке қарсы қорғанысы жүйесіне аспаптық бақылаулар жүргізілді. Көрме қонақтарын қарсы алуды ұйымдастыруға жұмылдырылған мамандар оқытылды. Көрмеге дайындық кезінде жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Үш айда Көрме аумағында қандай да бір төтенше жағдайдың туындауына жол берілген жоқ.

Жалпы алғанда 2017 жылы Департаментке қойылған тапсырмалар орындалды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде су тасқынының өтуімен байланысты төтенше жағдайларды туындау қаупінің алдын алынды.

Төтенше жағдайлар саны 2,6%, өрттер саны 14% азайды.

Өткен жылмен салыстырғанда суға кеткендер саны 42,8% азайған (2017 – 8 адам, 2016 – 14 адам).

Гарнизонмен күшейтілген режимде «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынш іс-шаралар пысықталды.


 
Система Orphus