Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Есептер және баяндамалар Астанақаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп

Астанақаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп

PDF Баспаға жіберу

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында Департаменттің құтқару бөлімшелері 4800 рет шықты (2017 ж.-5723 шығу), 3 мыңнан астам авариялық-құтқару және қауырт жұмыстар атқарылды. Департамент күшімен 490 адам құтқарылды (2017 ж. - 475),  ТЖ аймағынан 2639 адам эвакуацияланды (2017 ж.-2199),  95зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, 2,8 млрд. теңге сомадағы мүліктер құтқарылды.

2018 жылы Астана қаласының аумағында 65 төтенше жағдайлар (техногендік – 53, табиғи - 12) тіркелді (-13,3%, 2017 ж. - 75), салдарынан 126адамзардап шекті (-11,3%, 2017 ж. - 142), 21адам қаза болды (-25%, 2017 ж. - 25).

Астана қаласы аумағында650өрт тіркелді, өткен жылға қарағанда 7% аз (2017 жылы - 699). Сонымен қатар өртте қаза болғандардың саны 9% азайған (2018 – 10 адам, 2017 – 11 адам). Материалдық шығын көлемі 352 млн. 364 мың теңгені құрады (5,5 есеге артық, 2017 ж. – 64 млн.).

Қоғамдық-саяси, спорттық және мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде 613кезекшілік ұйымдастырылып, өткізілді, 624 бірлік техника және 2802 жеке құрам қатысты.

Азаматтық қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында қалалық ТЖ комиссиясының 8 отырысы өткізілді (4 жоспарлы, 4 жоспардан тыс), 19 сұрақ қаралды, нәтижесі бойынша 106 хаттамалық тапсырмалар берілді, толық көлемде жүзеге асырылды.

Азаматтық қорғаныс желісі бойынша жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде азаматтық қорғаудың елордалық аумақтық кіші жүйесін жетілдіру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Астана қаласы әкімімен бекітілді.

Астана қаласы әкімінің шешімімен азаматтық қорғау қызметтері, эвакуациялық комиссиялар, жиынтық эвакуациялық бекеттер, басқару бекеттері мен Астана қаласының азаматтық қорғаныс жоспары бекітілді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына нұсқан келтіруі, ауқымды шығын көлемінің болуын ескере отырып жыл сайын көктемгі су тасқынымен байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупін мейлінше азайтуға бағтталған іс-шаралар кешені жүзеге асыралады.

Астана қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына және «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына сәйкес Есіл өзенінің арнасын кеңейту түбін тереңдету жолымен қайта жаңарту жүргілізілуде.

Су тасқыны қарсы іс-шараларды жүргізу үшін коммуналдық қызметтер қатарынан күштер мен құралдар тобы құрылды.

Қала қызметтерінің қызметін үйлестіру үшін іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл:

- аумақтарды және елді мекендерді тасқын сулардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету;

- зардап шеккен халықты орналастыру бойынша алгоритмдері әзірленді.

Суға шомылу кезеңінде белсенді жұмыстар атқарылды. Осы жұмысты ұйымдастыру шеңберінде суда адамдардың қаза болуы орындарда 120 ескерту белгілері орнатылды, соңғы 4 жылда адамдардың қаза болуының қайғылы статистикасы және судағы жүріс-тұрыс ережелері бойынша қажетті ақпаратты орналастара отырып, 45 ақпараттық стенд орналастырды.

Суға шомылу кезеңінің өтуі мен су тоғандарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын тұрғындарға жеткізу бойынша Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп брифинг өткізілді.

Мемлекеттік өрт бақылау шеңберінде2851нысанға өрт-техникалық тексерістер жүргізілді, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп(1330).

Өрт қауіпсіздігі талаптарын9479бұзушылықтар анықталды, 1297әкімшілік шара қолданылды, соның ішінде 367тұлғаға жалпы сомасы 14 млн. теңгеге артық айыппұл салынды, 363әкімшілік айыппұл өндіріліп алынды немесе жалпы айыппұлдар санының 99%.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 1527сөз сөйленді, 2017 жылдан 11% артық (1375). Телеарнада 122, көрсеткіш 22% артқан (2017 ж. - 100), баспасөзде 597мақала, өткен жылғы ұқсас көрсеткіштерден 6,9% артық (558),радиода 35, өткен жылғы көрсеткіштерден 40% артық (25).

Информагенттікте 198ақпарат (167), дауыс зорайтқыш қондырғыларда 3522(4407), Департаменттің интернет-ресурсында 384(357), Комитеттің интернет-ресурсында 191(172) ақпарат жарияланды.

Үгіт-насихат жұмыстарын тиімді ету үшін Интернет белсенді түрде қолданылады, әсіресе әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілерде 22 мыңнан астам жаңалықтар жарық көрді, Департаменттің ресми парақшасын 30 мыңнан астам оқырмандар қараған.

Бөлінген қаржы толық көлемде игеді. Сонымен қатар, өткен жылы жергілікті бюджеттен 14 бірлік техника (штаб көлігі, фронталды тиегіш, Трэкол жолталғамайтын-батпақжол, ТСС, гидроцикл, 9 бірлік тасымалдайтын ла мотопомпалар) сатып алуға, сондай-ақ, үгіт материалдарын дайындау үшінқаржы бөлінді. Жоспарланған барлық техника мен жабдықтар сатып алынды, сонымен қатар, қалыптасқан үнемдеу шеңберінде 2 тепловизор және 1 қозғалыс датчигі сатып алынды.

Жалпы алғанда 2017 жылы Департаментке қойылған тапсырмалар орындалды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде су тасқынының өтуімен байланысты төтенше жағдайларды туындау қаупінің алдын алынды.

Төтенше жағдайлар саны 13,3%, ТЖ кезенде зардап шеккендер 11,3%, қаза тапқан 16%, тұншықтырғыш газдан улану 64,5%,  өрттер саны 7% азайды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі 2019 жылыелорда аумағында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға, елордалық кіші азаматтық қорғау жүйесін үйлестіруді, қалыптастыру мен дамуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

 


 
Система Orphus