Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет Есептер және баяндамалар Нұрсұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылдың І тоқсан атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп

Нұрсұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылдың І тоқсан атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп

PDF Баспаға жіберу

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында Департаменттің құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге 1 123 (1015, +11%) жедел шығуы жүзеге асырылды. Департамент күшімен 149 (171,-13%) адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 182 (96,+90%) адам қауіпсіз жерге көшірілді, 38 (24, +58%) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, 468 млн теңге сомадағы мүліктер құтқарылды.

2019 жылдың І тоқсанында Нұрсұлтан қаласының аумағында 28 (техногендік – 28, табиғи – 0) төтенше жағдай тіркелді (19, +48%), онда 80 (46,+74%) адам зардап шекті, оның ішінде 11 (6, +83%) адам қаза болды.

Елорда аумағында 174 (181, -4%) өрт болды. Өртте 24 (22, +9%) адам зардап шекті, оның ішінде 8 (3, +2,7 есе) адам қаза болды, өрттен болған материалдық залал 2,1 млн. теңгені (5 млн. теңге, -2,4 есе) құрады. Өрттің негізгі нысандары (барлық өрттердің 47%) тұрғын үй секторы болып табылады.

Азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында қалалық ТЖ жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізілді, 4 мәселе қаралды.

Өрт жағдайын тұрақтандыру және адам өлімінің алдын алу үшін нысандарға өрт-техникалық тексеру жүргізіледі.

Ағымдағы жылы 382 (350, +9%) бақылаудағы нысандарды тексеру жүзеге асырылды, оның барысында 1207 (987, +22%) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды, олардың негізгілері өрт автоматикасы жүйесінің болмауы немесе жұмыс істемеуі, сондай-ақ электр желілерін қате монтаждау және пайдалану болып табылады.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеге (949 мың теңге, +2,6 есе) 207 (181, +14%) әкімшілік жаза салынды, нұсқамаларды орындамағаны үшін сотқа 59 (12, +4,9 есе) талап арыздар мен әкімшілік хаттамалар жіберілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 350 (270,+30%) сөз сөйлеу өткізілді, адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолдану арқылы 2,5 мыңнан астам (647,+4 есе) аудиотрансляция жүзеге асырылды, қаланың барлық мектептерінде 10 мыңнан астам оқушыны (16 мың,-39%) қамтитын 3 (3) интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 33 мыңға жуық (11 мың, +3 есе) жеке тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар табысталып, халықпен 42 (76, -1,8 есе) жиналыс ұйымдастырылды,                     13 мыңнан астам (3 мың, +4,3 есе) таралымы бар 8 (5,+60%) үгіт материалдары шығарылды.

Елорда әкімдігімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1000-нан астам улы газ датчигі мен түтін хабарлағыштары орнатылды.

Су тасқыны жағдайын болжау үшін азаматтық қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдармен гидрометеорологиялық және гидрологиялық ақпарат алмасу жолға қойылған.

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат жинауды анықтау және табиғи сипаттағы ТЖ туындауына жол бермеу бойынша шаралар әзірлеу үшін қаланың шекара маңындағы аумақтарын аралау ұйымдастырылды, оның барысында Майбалық к., Астана су қоймасы, облыстардың шекара маңындағы елді мекендері аудандарындағы қар мен ылғал қорының ауқымы нақтыланды.

Су тасқыны кезеңінде қаланың шұғыл әрекет ету жасағы құрамында 179 адам, 56 бірлік инженерлік техника (бульдозер, экскаватор, кран, тиегіш, самосвал) жұмылдырылады.

Елорда аумағында 15 су қоймасы орналасқан, оның 3-і ғана рұқсат етілген.   «2019 жылғы суға шомылу кезеңіне қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленді, онда барлық ұйымдастырушылық және практикалық міндеттер айқындалды.

Елорда шекарасында орналасқан жасыл белдеу алаңы 15 мың га құрайды. Өрт қауіпті кезеңде Нұр-сұлтан қаласының аумақтық шекарасында орман-дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қала шекарасының периметрі бойынша коммуналдық ұйымдардың күшімен жоғары өтімді техникамен, ұтқыр байланыспен, аспалы қондырғылармен және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған шолғыш жылжымалы бекеттер ұйымдастырылған.

Биік тұрғын үйлердегі («Байқоңыр», «Эгалите», «Северное Сияние», «Свечки ТК) өрттерді ерте анықтау үшін 8 бейнекамерадан (4 жылжымалы және 4 қозғалмайтын) бар.

Қосымша, «Жасыл белдеуде» жану туралы жедел хабарлау және анықтау үшін Нұр-Сұлтан қаласының айналасына қарау мұнаралары орнатылған, онда дүрбелеңмен, радиобайланыспен және ұялы байланыспен жабдықталған орманшылар кезекшілік етеді.

2019 жылға арналған Астаналық аумақтық кіші жүйені азаматтық қорғауды жетілдіру бойынша негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС (Алматы қ.) 6 маман оқытылды, Департамент базасында 179 адам оқудан өтті, азаматтық қорғау саласында 117 оқу-жаттығу және жаттығу өткізілді.

Есепті кезеңде қаланың 83 ұйымдарына азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу, АҚ жоспарларын және дәрістік материалдарды әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару, халықтың ТЖ жағдайында іс-қимыл жасауға дайындығын арттыру мақсатында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Азаматтық қорғаныс және ұлттық құрылымдардың міндеті-апаттарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру» тақырыбында іс-шаралар кешені өткізілді.

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 2 қызмет тексерілді, анықталған бұзушылықтар негізінде ұйғарым берілді.

Департаменттің а. ж. II тоқсанына арналған негізгі басым міндеттері:

* елордада жоғары дәрежелі қауіпті нысандарды тексерумен толық қамту арқылы өрттердің алдын алу;

* елордада «Жасыл белдеуде» өрттерді болдырмау бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;

* жазғы өрт қауіпті және суға шомылу кезеңінде алдын алу шараларын іске асыру.


 
Система Orphus