Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы

ТЖД күштердің оқу-жаттығуы

«Дәрілік заттары» бар жүк вагонында шартты өртті жою

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 25 қазанында Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ бөлімшелерімен бірге «Дәрілік заттары» бар жүк вагонында өртті сөндіруді ұйымдастыруда практикалық іс-шараларды пысықтау және темір жол көлігімен аса қауіпті жүктерді тасу кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды  жою» тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді. 

Оқу-жаттығудың шарты бойынша 10 сағат 01 минутта Іргелес жолдың қозғалмалы құрамына өтіп кетуі мүмкін «Дәрілік заттары» бар жүк вагонында жануды анықтаған жүргізуші радиобайланыс арқылы орын алған төтенше жағдай туралы хабар береді.

10 сағат 12 минутта ТЖ орнына Астана қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ 5-МӨСБ бөлімшесі, құрамында 2 өрт сөндіру машинасы мен жеке құрамның 10 адамы бар, құрамында 5 адамы бар – АСА- 20 авариялық-құтқару автомобилі жауынгерлік есебі келді. Құтқарушылар барлау жүргізіп, шартты өрттің ауданын, оның жану жолдарын анықтағаннан кейін, шартты өртті сөндіруге кірісті.

Толығырақ...

 

Көмек қасымызда

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖД  №5 МӨСБ "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ   мен Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп Астана қаласы Әкімдігінің "№5 Қалалық емханасы" ШЖҚ МКК ғимаратында өртті-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. 

Оқу-жаттығу талаптары бойынша 4 қабаттағы жалпы көлемі 8 шаршы метр аумағындағы емшара кабинетінде  электр сымдарының тұйықталуынан өрт шығады. Емхана аумағында автоматты өрт сигнал беру құрылғысы іске қосылды. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына 5 - МӨСБ кезекші ауысымы келіп жетті. Газ-түтіннен қорғау буын қызметкерлері АӨС қосылғанда  сыртқа шыға алмаған адамдарды іздеу үшін ғимаратты аралауға кіріседі. Пациенттер мен барлық қызметкерлер медициналық пунктті ашқан жерден зардап шеккендерді емхана аумағынан қауіпсіз жерге көшірді. Эвакуацияланған адамдардың жалпы саны – 200.

Толығырақ...

 

«ЭКСПО-2017» аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде құтқарушылар және елордалық ТЖ департаментінің инженерлік-инспекторлық құрамы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Нұр-Әлем» павильонында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. 

Оқу-жаттығу шартына сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан фотосалонның 30м2  аумағында жану орын алды. Нұр-Әлем» павильонының аумағында автоматты өрт дабылының құрылғысы іске қосылды. Шақыру орныныа бірнеше минуттан кейін, ЭКСПО-16 бөлімшесінің кезекші ауысымы келеді. Оқиға орнына келісімен, құтқарушылар барлық эвакуациялық шығуларды ашып, ғимараттан адамдарды эвакуациялауды бастайды. Эвакуацияланғандардың жалпы саны 255 адам. Оқу-жаттығу барысында штаб құрылды.  да өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.


Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар астананың жасыл белдеуінде оқу-жаттығу өткізді.

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 23 мамырында астаналық құтқарушылар «Жасыл белдеуде» оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығуға республикалық және жергілікті БАҚ қатысты. 

Жаз маусымының басталуымен, көптеген адамдар табиғат аясында демалуды жиілетеді. Әйтсе де, адамдардық немқұрайлы әрекеттері өрттердің орын алуына алып келетіні өкінішті.  Құрғақ және желді ауа-райы жазық даладағы құрғақ шөптің жануына себепші болады. Сонымен қатар, жазық даладағы өрттер алай-дүлей желмен оқ шоқтарының ұшуы салдарынан ушығады.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша,  сөндірілмеген сіріңке салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алған, өрт өршіп, орман жаққа қарай бет ала бастайды. Оқиға орнына Кезекші өрт сөндіру бөлімі жетеді. Өрт орнына К-32 А1 тікұшағы жетіп, өрттің барлауын жүргізеді. 

Тікұшақтың мақсатына шартты өртті сөндіру үшін өрт сөндірудің тік жүйесі арқылы   су құюды іске асыру (дала және орман өртінің аумағы) жатады. Шартты өрт жарты сағаттық жедел жұмыстың арқасында жойылды. Оқу-жаттығуға 25 бірлік техника мен 80 адам жұмылдырылды, сонымен қатар «Жасыл Аймақ» РММ, «Зеленстрой» АҚ, «Астана Су Арнасы» МҚМ өзара әрекеттесу қызметтері жұмыс істеді.

Толығырақ...

 

ЭКСПО-2017 қарсаңында Елордалық ТЖ Департаментінің жеке құрамымен сабақ өтті

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 4 мамырындаАстана қаласында «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында, Астана қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен, «ЕХРО-2017» аумағында тамақтан улануларға және радиациялық, химиялық улану қаупіне жедел ден қою үшін Департаменттің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы және Өрт сөндіру және авариалық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері және құралдарының жедел басқару орталығының жеке құрамымен сабақ өтті.


Толығырақ...

 

Елордалық құтқарушылар өрт- тактикалық оқу жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  қызметкерлері «Астана-Энергия» АҚ  ЖЭО-1 аумағында өрт – тактикалық оқу-жаттығулар өткізгді.

Оқу-жаттығулар барысында қаланың ірі жылу электрстанцияларының бірі «Астана-Энергия» АҚ  ЖЭО-1 дайындығы тексерілді: жалпы аумағы 17067 шаршы метрді құрайтын бас корпус. Турбиналық бөлім темір бетонды қабырғалар мен бекітпелерден жасалып, екі қабаттан тұрады. ЖЭО-1 жылу энергиясын өндіреді және оны тұғын секторларға, Астана қаласының өндіріс объектілеріне жеткізеді.

Осылайша, «Өндірістік объектіде төтенше жағдайларды жою туралы» тәжірибелік іс-шараның тақырыбына сәйкес, №3 мазутты бактағы өртті жою бойынша жаттықты. Үйме ішіндегі жайылмаларға мазут төгіліп, кейіннен жану орын алды. №3, 4 мазут резервуарында  өрт таралу  қаупі пайда болды.

Толығырақ...

 

Елордалық құтқарушылар Абу-даби Плаза-Астана ғимаратында оқу-жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу

15 қыркүйек күні елордалық құтқарушылар Абу-даби Плаза-Астана ғимаратында бірлескен оқу-жаттығу өткізді. Абу-даби Плаза – елорданың сол жағалауында орналасқан түрлі қабатты көп ғимараттардан тұратын көпфункциялы кешен. Ғимараттың құрылысы 2010 жылы басталып 2016 жылдың соңында аяқталуы жоспарлануда.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар «Астана Тауэр» БО оқу-жаттығуларын өткізді

PDF Баспаға жіберу

Астаналық құтарушылар қауіпсіздік ережелері және төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттермен таныстыру бойынша күнсайын жұмыс жүргізеді.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйектен бастап Астана қ. ТЖ департаментімен өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Оның мақсаты Астана тұрғындары және қонақтары арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылардың «Астана» бекетіндегі оқу-жаттығуы

PDF Баспаға жіберу

Өткен демалыс күндері «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «БП» Ақмолалық бөлімшесі», «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистралдық желілердің Ақмолалық бөлімшесі» Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСҚ және АҚЖ» ММ бөлімшесінің қатысуымен Астана қаласының 8-станциясы территориясында тәжірибе алмасу мақсатында оқу-жаттығу өткізді.

Толығырақ...

 

Оқу-жаттығу – қызметтердің бірлескен әрекеттерін нығайту элементі

PDF Баспаға жіберу

Елордалық құтқарушылар ОӨАЖҚЖ, АМО мен өрт сөндіру қызметімен бірлесіп «Достық» көлікжай қоғамының территориясында шартты өртті сөндіру үшін тәжірибелік оқу-жаттығу өткізді.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus