Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы Тәуелсіздік сарайында шартты өрт сөндірілді

Тәуелсіздік сарайында шартты өрт сөндірілді

PDF Баспаға жіберу

 Астаналық құтқарушылар Тәуелсіздік сарайында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес 1-ші қабатта орналасқан кинозалдың сахналық бөлігінде электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде  қатты түтіндеу шықты. Автоматты өрт дабылы іске қосылған сәтте қызмет көрсету персоналы өрт шығуын көріп, өртке қарсы қызметіне хабар беріп, ғимараттан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын бастады.

Шақыру орнына №3 жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері, жедел әрекет жасау қызметтері (АОМ, ОӨАЖҚЖ, жедел жәрдем қызметі, ІІД, қалалық электр желі) жіберілді.


Оқиға орнына келіп жеткенде бірінші қабатта қатты түтіндеу және өрт жайылу қауіпі байқалды. Жедел түрде әскери жұмыстарын күшейту, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары басталды. Бөлімше зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпайды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Ғимарат шатырынан қызмет көрсету персоналының екі адамы шыға алмай қалды.  Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы ғимарат шатырындағы адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Улы газбен уланған және электр тоғы әсерінен зардап шеккендерге «Апаттар медицинасы орталығы» ММ тез арада көмек көрсетті, зардап шеккендер жақын арадағы медициналық мекемеге тасымалданды. АЭЕЖК-мен  ғимарат пен аумақты электр энергиясынан ажырату жұмысы  қамтамасыз етілді. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ.

Оқу-жаттығуға 9 бірлік техника және жеке құрамнан 38 адам жұмылдырылды. Өртену аумағы 200 шаршы метрді құрады.

Оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – адамдарды эвакуациялау әдістері мен тәсілдерін пысықтау, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.

1 3 4 5 6 7

Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus