Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы Қалалық әкімдікте өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Қалалық әкімдікте өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

PDF Баспаға жіберу

Елордалық құтқарушылар қалалық әкімдікте өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес  3-қабатта орналасқан мәжіліс залында электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде шыққан өрт жапсарлас бөлмелерге және ғимараттың жоғарғы қабаттарына тарады. Қызмет көрсету персоналы өрт шығуын көріп, өртке қарсы қызметіне хабар берді және ғимараттан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын бастады.

Шақыру орнына №2 жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері, жедел әрекет жасау қызметтері (АОМ, ОӨАЖҚЖ, жедел жәрдем қызметі, ІІД, қалалық электр желі) жіберілді.

Оқиға орнына келіп жеткен сәттен жедел түрде әскери жұмыстар күшейтілді, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары басталды. Бөлімше газ-түтіннен қорғау қызметі буыны құрамында зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпайды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Улы газбен уланған және электр тоғы әсерінен зардап шеккендерге «Апаттар медицинасы орталығы» ММ тез арада көмек көрсетті, зардап шеккендер жақын арадағы медициналық мекемеге тасымалданды. АЭЕЖК-мен  ғимарат пен аумақты электр энергиясынан ажырату жұмысы  қамтамасыз етілді. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ.

Барлығы 500 адам эвакуацияланды және 7 адам құтқарылды. Оқу-жаттығуға 12 бірлік техника және жеке құрамнан 45 адам жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – адамдарды эвакуациялау әдістері мен тәсілдерін пысықтау, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.

Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus