Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы ҚР Парламент Сенаты ғимаратындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы

ҚР Парламент Сенаты ғимаратындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы

PDF Баспаға жіберу

UEK_1178

ҚР Парламент Сенатының әкімшілік ғимаратында гарнизонның күштері мен құралдарын тарта отырып, ғимараттан адамдар толық эвакуацияланып, шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

12-ӨСБ қызметкерлері  объектінің кезекші персоналымен бірлесе отырып оқу-жаттығуын өткізу кезінде іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-қимылдарды пысықтады:


- ғимараттың төменгі қабатына лифтілерді түсіру арқылы автоматты өрт дабылы жүйесі жанданды; әр қабаттағы адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі іске қосылып, гарнизонның күштер мен құралдар басқару орталығына хабарланды; ӨСКҚ, 12-ӨСБ мемлекеттік меншіктегі аса маңызды ғимараттарды қорғау бойынша жасақ басшылығы құрамынан штабы құрылды;  ғимараттан 121 адам эвакуацияланды, шақыру орнына келген 3-МӨСБ шартты өртті сөндіру үшін оқпандарды берді;  өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымының жеке  құрамы бірлесіп әрекет жасау нұсқаулығына сәйкес өрт шыққан жерге келіп, шартты өртті сөндіруге кірісті; ғимараттың кезекші диспетчері өрт туралы дабылды қабылдағаннан кейін, ғимараттың кезекші ауысымына радиобайланыс арқылы дабыл жариялады және тоқтаусыз сумен қамтамасыз ету, қысым көтеру сорғыларының жұмыстары және жану аймағындағы электр энергиясының сөндірілуіне қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Осы оқу-жаттығу барлық мүдделі қызметтер мен объектіге қызмет көрсету персоналдарының өзара әрекеттесу нұсқаулығын пысықтау, сонымен қатар өрттің туындауы немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде адамдар мен материалдық құндылықтарды сәтті эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

UEK_1153 UEK_1162  

Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

12-ӨСБ бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау майоры

А. Абуханов


 
Система Orphus