Жедел телефондар
Жаңалықтарға жазылу
Авторлану
Пайдаланушыларды есепке алу
![]() | Бүгін | 11029 |
![]() | Кеше | 13261 |
![]() | Барлығы | 10752267 |
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы |
![]() |
![]() |
17 тамызда елордалық өрт сөндірушілер «Изумрудный квартал» БО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес электр сымдарының тұйықталуы әсерінен электр кабельдерінің жануы орын алды, осының салдарынан өрт «Изумрудный квартал» БО-ның «А» блогындағы әкімшілік ғимаратының 21-қабаттағы серверлік бөлмесіне жайылып, ұйымдастыру техникасы мен жиһаздары жанды. «СемсерӨрт сөндіруші» ЖШС кезекші ауысымы өртті байқап, бірден 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлайды. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарының көмегімен өрт ошағын сөндіруге кіріседі. Қызмет көрсету персоналдарымен бірге бір мезгілде өрт туралы құлақтандырудың автоматты жүйесін қолдана отырып, ғимараттан адамдарды эвакуациялау шаралары жүргізілді. Оқиға орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері, жедел ден қою қызметтері (АОМ, ОААЖҚО, ІІД, 103, АЭЕЖК) жіберілді. 5 минуттан кейін оқиға орнына келіп жеткен Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жай-күйді бағалап, шешуші бағыттарды анықтады және жедел түрде әскери өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастады. Газ түтіннен қорғау қызметі топ құрамында барлауды, зардап шегушілерді құтқару үшін іздестіруді және адамдарды эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпастан жалғастырды. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 60 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі |