Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы «Алматы» ауданы объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі жаттығулары

«Алматы» ауданы объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі жаттығулары

PDF Баспаға жіберу

DSC_2242

«Алматы» ауданындағы кәсіпорындарда өрт кезінде адамдарды ғимараттан эвакуациялауды пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Ағымдағы жылғы тамыз айында Астана қаласы «Алматы» ауданы аумағында орналасқан объектілерде, яғни «Казахстан aselsan инжиниринг» оптикалық зауыты және «Hyundai motors» автокөлік орталығында өрт шыққан жағдайдағы кәсіпорынның, атап айтқанда жұмыс персоналының,  сондай-ақ өрт кезіндегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет және де ерікті өртке қарсы құралым қызметкерлерінің дайындығын бағалауға негізделген, ғимараттан адамдарды эвакуациялауды пысықтау бойынша машықтандыру жаттығулары өтті.

Оқу-жаттығу барысында кәсіпорын басшылары және қызметкерлерімен «Өрт қауіпсіздігінің қағидалары» тақырыбында әңгімелесу түрінде нұсқама, сонымен қатар өрт сөндіргішті пайдалану бойынша көрнекі нұсқамалар өткізілді.

20180709_150541 20180709_151644 20180709_151922 20180709_152120  DSC_2267

DSC_2248

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus