Нұрлы жолда өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

Баспаға жіберу

IMG_8315

18 қыркүйекте Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ«Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрттің шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимылы пысықталды.


Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес «М» блоктың 7-қабатындағы техникалық бөлмеде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан желдеткіш электр жабдықтарының жануы орын алып, өрт барлық периметрі бойынша көршілес жабдықтарға тараған.

Қызмет көрсету персоналы өртті байқап, «101» телефон нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлады, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және де бір мезетте өртті өрт сөндірудің алғашқы құралдары арқылы сөндіруге кірісті.

«Шартты тұтану» орнында өрт сөндіру бөлімшелері, жедел ден қою қызметтері (Апаттар медицинасы орталығы, Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы, Ішкі істер департаменті, 103, Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы) жұмыс істеді.

Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 30 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.


  IMG_8318 IMG_8327 IMG_8331

IMG_8319 IMG_8324

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі