Жедел телефондар
Жаңалықтарға жазылу
Авторлану
Пайдаланушыларды есепке алу
![]() | Бүгін | 11404 |
![]() | Кеше | 13261 |
![]() | Барлығы | 10752642 |
Көп қабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу аясында 30 қыркүйекте Астана қаласы ТЖД Байқоңыр ауданының ТЖ басқармасы елордалық Өрт сөндіру қызметі және Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Байқоңыр» ауданы аумағында орналасқан «Капитал» ТК-де өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес «Капитал» ТК-де «Б» блоктың 15-қабатында плитада тұрған тамақтың жануына байланысты ас үйдің жануы орын алды. Қызмет көрсету персоналы өртті байқап, «101» телефон нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлайды, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және де бір мезетте өртті өрт сөндірудің алғашқы құралдары арқылы өртті сөндіруге кіріседі. Оқиға орнына №-2 МӨСБ-нің өрт сөндіру бөлімшесі жіберіледі. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жай-күйді бағалайды, шешуші бағытты анықтайды және жауынгерлік өрістету, өртті сөндіруді және зардап шеккендерді іздестіруді жұмыстарын бастайды. Бөлімше газ түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында барлауды және жоғары қабаттағы адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді. Өрт сөндірушілердің жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында жалпы ауданы 20 шаршы метрді шарпыған өрт ауыздықталды, таралу қаупі жоқ. Оқу-жаттығу барысында шартты өрттің шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимылы пысықталады. Астана қаласы ТЖД Байқоңыр ауданының ТЖБ |