Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы Астана қаласында командалық-штабтық «Қыс-2018» оқу-жаттығуы өтті.

Астана қаласында командалық-штабтық «Қыс-2018» оқу-жаттығуы өтті.

PDF Баспаға жіберу

IMG_0072

1 және 2 қараша күндері   Астана қаласында  2018-2019 жж. қысқы кезеңде төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыруға дайындық бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Айтмұхамбетовтың қатысуымен «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында астананың қысқы кезеңге дайындығын тексеру шарасында «Ырыскелді Қажы» мешітінің аумағында республикалық командалық-штабытық  «Қыс - 2018» оқу-жаттығуы өткізілді..


Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізілді.

Бүгінгі оқу-жаттығу 5 орында болды (Рейстік автобус жолаушыларын эвакуациялау,  мұз астына түсіп кеткен балықшыларды құтқару, жылу құбырларындағы аварияны жою). Оқу-жаттығу шарты бойынша 112 құтқару қызметіне Көкшетау-Астана рейстік автобусының жолаушыларынан қоңырау түсті, олар көктайғақ нәтижесінде 40 км-ге автобус тас жолдан жыраға ауытқығанын хабарлады, автобуста 30 ересек адам бар.  Жедел жәрдем көрсету үшін Департаменттің күштері мен құралдары, Трэкол өту мүмкіндігі жоғары автомобилдер арқылы медициналық бригадасы мен құтқарушы жасағы және 5573 әскери бөлімнің жеке құрамы төтенше жағдай туындаған орынға жолданды.

Және де кезекшілік қызметіне балықшыдан қоңырау түсті, ол мұз үстінде балық аулап жатқанда, аяқ астындағы мұз опырылып, бөлініп кетті. Қатты ағыс балықшыны бірнеше километрге алып кетті. Құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады.

Өз сөзінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р.Беккер  «Бүгін біз Астана қаласының жедел әрекет ету қызметтері дайындықтарының қаншалықты деңгейде екеніне куә болдық. Сонымен қатар оқу-жаттығудың жапа шеккендерге медициналық қызмет көрсету, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және шығару бойынша тактикалық-мамандандырылған іс-әрекеттері сараланды. Және бүгінгі оқу-жаттығу алдына қойған мақсаттарына жетті деп санаймын»,- деді.

«Қыс-2018» РКШО жүргізу жоспарына сәйкес Астана қаласының жедел әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді, қабылдау, жылыту пунктін орналастыру, медициналық пен психологиялық көмек көрсету, автокөлік жолдарынан жолаушыларды эвакуациялау, балықшыларды құтқару және медициналық көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер өңделді, сонымен бірге жылыту трассасында аварияны жою бойынша тактика-арнайы оқу-жаттығулар жүргізілді.

Оқу-жаттығуға 31 бірлік техника мен жеке құрамның 125 адамы жұмылдырылды.

 IMG_0048 IMG_0050 IMG_0055 IMG_0056 IMG_0062 IMG_0076 IMG_0077 IMG_0081 IMG_0102 IMG_0105 IMG_0108 IMG_0120 IMG_0121

Астана қаласы ТЖД