Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы «Жастар» театрында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

«Жастар» театрында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

PDF Баспаға жіберу

IMG_0860

Елордалық құтқарушылар «Жастар» театрында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде сахнаның жануы орын алып, өрт ары қарай үйілген, сәндік материалдар мен жиһаздарға тарады. Қызмет көрсету персоналы өрт шыққанын көріп, өртке қарсы қызметке хабар берді және ғимараттан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын бастады. Шақыру орнына №3 жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері, жедел ден қою қызметтері жіберілді.


Оқиға орнына келіп жеткен сәттен жауынгерлік өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жедел түрде басталды. Бөлімше газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялауды тоқтатпастан барлау жұмыстарын жүргізеді. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады. Улы газбен уланған және электр тоғы әсерінен зардап шеккендерге «Апаттар медицинасы орталығы» ММ тез арада көмек көрсетті, зардап шеккендер жақын арадағы медициналық мекемеге тасымалданды. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ.

Оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – адамдарды эвакуациялау әдістері мен тәсілдерін пысықтау, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.

 IMG_0854 IMG_0855  IMG_0865 IMG_0868 IMG_0870

Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus