«Думан» қонақ үй кешенінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығуы өтті

Баспаға жіберу

IMG_1001

Елордалық құтқарушылар «Думан» қонақ үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес электр сымдарының тұйықталу салдарынан «Думан» қонақ үй кешенінің жетінші қабаттағы бөлмеде электрқұралдардың жануы орын алды.

Қызмет көрсету персоналы өрт шыққанын көріп, өртке қарсы қызметке хабар берді және ғимараттан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын бастады. Шақыру орнына №3 жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері, жедел ден қою қызметтері жіберілді.

Оқиға орнына келіп жеткен сәттен жауынгерлік өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жедел түрде басталды. Бөлімше газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялауды тоқтатпастан барлау жұмыстарын жүргізеді. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады.Улы газбен уланған және электр тоғы әсерінен зардап шеккендерге «Апаттар медицинасы орталығы» ММ тез арада көмек көрсетті, зардап шеккендер жақын арадағы медициналық мекемеге тасымалданды. ОӨАЖҚЖ «Думан» қонақ үй кешенінің жоғарғы қабаттардан адамдарды эвакуациялайды. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ.

Оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – адамдарды эвакуациялау әдістері мен тәсілдерін пысықтау, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.

IMG_0935 IMG_0938 IMG_0939 IMG_0940 IMG_0943 IMG_0952 IMG_0954 IMG_0956 IMG_0966 IMG_0983   IMG-20190124-WA0019  

IMG_0945

Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ