Жедел телефондар
Жаңалықтарға жазылу
Авторлану
Пайдаланушыларды есепке алу
![]() | Бүгін | 924 |
![]() | Кеше | 12109 |
![]() | Барлығы | 10706696 |
Елордада «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде |
![]() |
![]() |
Көктемгі су тасқынына дайындық шеңберінде ақпанның 26-27 күні Астана қаласы ТЖ департаменті «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізеді. Оқу-жаттығуға ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В.Беккер, Астана қаласы әкімінің орынбасары А.А.Тұрлыбек, елордалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамы, аудандық әкімдіктердің өкілдері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Бүгінгі оқу-жаттығуды өткізу барысында шұғыл ден қою жасағының, азаматтық қорғау қызметтерінің, ТЖД, ІПД бөлімшелерінің, Департаменттің жедел топтарының, қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің АҚ қызметтерінің штаб бастықтарымен авариялық-құтқару құрамаларының дайындығы тексерілді. «Бүгінгі күні мұндай оқу-жаттығулар азаматтық қорғаудың аумақтық және салалық жүйелерінің күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін анықтау, азаматтық қорғау қызметтерінің ТЖ алдын алуға және жоюға бағытталған іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіру, хабарлау және байланыс жүйелерінің дайындығын тексеру, болжамдық және диспетчерлік қызметтердің жұмысын, мониторинг жүргізу, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құру мақсатында, сондай-ақ ТЖ жою, эвакуациялық іс-шаралар және су тасқыны жағдайының дамуын болжауды ескере отырып өзара іс-қимыл жоспарларын тексеру мақсатында өткізіледі»,-деп Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Аманбаев БАҚ өкілдеріне оқу-жаттығуды өткізу мақсатын атап өтті. Оқу-жаттығуға барлығы 28 бірлік техника және жеке құрамнан 100 адам жұмылдырылды. Практикалық оқу-жаттығуы «Байқоңыр» ауданында орналасқан «Алай» базарының аумағында өтті. Осы оқу-жаттығулардың республикалық орталық штабы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында орналасқан. Авариялық-құтқару құрамалары практикалық іс-шаралар орнында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізді: зардап шеккендерді эвакуациялау, топырақ салынған қаптардан қорғаныс үйінділерін төсеу, қар шығару және еріген суды сору; еріген суды тазарту және қар шығару бойынша жұмыстарды жүргізу; зардап шеккендерді жылыту және тамақтандыру пункттері ұйымдастырылды; электр энергетикасы желілеріндегі электр беру желілерінің үзілуін жою және инертті материалдары бар қаптардан үйінді бөгет салу, сондай-ақ Астана-Көкшетау автожолында еріген қар суында қалып қойған автобустан жолаушыларын эвакуациялау және балықшыларды іздеу. Су тасқыны – бұл мол жаңбырдан немесе жылы мезгілде қардың қарқынды еруінен туындаған су деңгейінің артуы. ДЧС города Астана |