«Н.Назарбаев халықаралық әуежайы» объектісінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

Баспаға жіберу

IMG_2146

Астана қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері «Н. Назарбаев халықарлық әуежайы» ғимаратында болатын өрт-тактикалық жаттығуғы жүргізілуді.

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауын қамтамасыз ету бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимыл жасауына жөндеу жүргізілетін болады

Осылайша, оқу-жаттығудың болжамына сәйкес электр сымдарының тұйықталуы салдарынан «Ратискан» жүк бөлімшесінде жануы орны алды, өрт жайылу қаупі төнді. Өрт дабылы іске қосылды, қызмет көрсету персоналы өрттің шығуын байқап қалып, өртке қарсы қызметіне хабарлайды. Электр желілерін өшіріп, объекті әкімшілігі мен күзет қызметі ғимараттан адамдарды эвакуациялауды бастайды. Барлық эвакуациялық есіктерді ашып, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өз күштерімен өртті сөндіруге кіріседі.

«Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы» өрт байланысы орталық пунктісіне  хабар келіп түскен сәттен оқиға орнына үшінші шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімдері, жедел әрекет жасау қызметтері (АОМ, ОААЖҚО, ІІД, 103, АЭЕЖК ) жіберіледі.

Оқиға орнына келіп жеткенде бірінші қабатта қатты түтіндеу және өрт жайылу қауіпі байқалды. Жедел түрде әскери күшейтілім, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары басталады. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады. Бөлімше зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпайды. Улы газбен уланған және электр тоғы әсерінен зардап шеккендерге тез арада көмек көрсетілді, зардап шеккендер жақын арадағы медициналық мекемеге тасымалданды. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіру әдіс-тәсілдерін қолдану, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.

 IMG_2107 IMG_2109 IMG_2111 IMG_2113 IMG_2114 IMG_2117 IMG_2122 IMG_2126 IMG_2128 IMG_2130 IMG_2140  IMG_2147

Астана қ. ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ