Нұр-Сұлтан стансасындағы оқу-жаттығу

Баспаға жіберу

IMG_3103

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі НОРП-5 өрт поезының аумағы «Нұр-Сұлтан» стансасы» объектісінде жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты: теміржол көлігінің жылжымалы құрамдарындағы шартты өртті сөндіру бойынша жеке құрамның іс-әрекеттерін пысықтау.


Оқу-жаттығудың тактикалық мәні бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан тұйық жолда тұрған теміржол құрамының жолаушылар вагонында өрт шығады.

Оқу-жаттығу барысында «ҚТЖ ҰК − Ақмола теміржол бөлімшесі» АҚ филиалы қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт сөндіру бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібі пысықталды. Сонымен қатар бірінші және одан кейінгі ӨСЖ өрт сөндіруді басқару бойынша іс-қимылдары, өрттегі жедел штаб, тыл және учаскелердегі жұмыстар қаралды.

Аталған оқу-жаттығуға 5 бірлік өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 20 адам, сондай-ақ қаланың өзара әрекет ететін қызметтері қатысты.

IMG_3029 IMG_3050 IMG_3054 IMG_3063 IMG_3078 IMG_3081 IMG_3083 IMG_3097

IMG_3047

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ